Ст. 319 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
319-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі
1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде салықтық кезең ішінде:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер түрінде алуға жататын (алған) кірістерінен тұрады.
2. Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:
1) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты болатын жағдайларда, оларға ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар шегінде өтемақы төлемдері;
2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;
Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
5) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тұрғынжайды жалдау (жалға алу) бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақылары;
6) жұмыс берушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шығыстары;
7) далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық үлесі;
8) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша;
осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген тәулiктік өтемақы шегiнде тамақтануға шығыстары;
9) жұмыс берушінің жұмыскерлерді Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері жеткізуге байланысты шығыстары;
9-1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, оның ішінде оларды жөндеудің, жеке қорғану құралдарының, жуу және дезинфекциялау құралдарының, профилактикалық өңдеу құралдарының, медициналық қобдишаның, сүттің немесе бағасы тең басқа да тамақ өнiмдерiнiң және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің құны;
10-1) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше комитетінің шешімімен ауруды пандемия деп тану салдарынан шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуіне байланысты зертханалық зерттеп-қарауға, жеке-дара қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, медициналық қарап-тексерулер жүргізуге, профилактикалық екпелерге, медициналық байқауға, емдеуге, оқшаулауға, емдеуге жатқызуға бағытталған, жұмыс берушінің жұмыскерлер пайдасына шығыстары (жұмыскерлер шығыстарының орнын толтыруды қоса алғанда);
10-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында нысанды киім киіп жүру және (немесе) онымен қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда, жұмыскерге берілген нысанды киімнің құны;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының өмiрдi сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына жіберілген зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша өтеу сомалары;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде әлеуметтік төлемдерді уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есепке жазылған өсiмпұл сомалары;
13) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және бір жыл және одан көп уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
14) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, орынтұрақ орындарын, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
15) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
16) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған мүлік құнының өсімі;
18) егер көрсетілген шығыстар жалға алу төлемақысынан жеке жүргізілсе – дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы-жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші-жеке тұлғаға тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;
19) опционды орындау кезіне опционның базалық активі нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып кетуі (опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі тіркелген баға опционды орындау бағасы болып табылады);
20) жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса;
21) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 245-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
22) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өзінің жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:
қарыз алушы-жеке тұлға соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы-жеке тұлғаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы-жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы-жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында қарыз алушы-жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;
ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағаға сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін мұндай мүлік "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтелмеген кредиттің (ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:
банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (ипотекалық ұйыммен, микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
24) банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кезде:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
Осы тармақшаның ережелері "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқығы берілген тұлға міндеттемені кешірген жағдайда да қолданылады;
24-1) қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде ол алған кіріс;
25) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолдана отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түрінде түзілген кіріс;
26) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы;
27) "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
29-1) салық агенті жұмыскердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған ерікті зейнетақы жарналары;
30) жеке тұлға Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзіне медициналық көмек көрсету кезінде алған кірісі;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мүгедектігі бар адамға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруі кезінде алынған материалдық пайда. Бұл ретте осы абзацтың ережесі:
мүгедектігі бар адам;
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекші болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылады;
32) жеке тұлғаларға өздерінен жеке тұлғаның жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер.
Осы тармақшада көзделген, салық агенті жүргізген төлем жағдайында осы тармақшаның ережелері өткізілетін жеке заттар кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтыны және жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық салынатын объект болып табылмайтыны көрсетілетін өтінішті салық агентіне ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады;
33) жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша жұмыскердi оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдей отырып жасалған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, бiлiктiлiкті арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге жұмыс берушінің нақты жұмсаған шығыстары;
34) шартта белгіленген кезең ішінде – банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезең берілуіне байланысты төлем карточкасын ұстаушы банктік қарыз бойынша алған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
35) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін жеке тұлғаның шотына банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қаражаты есебінен банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы есепке жатқызатын сома;
36) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде жұмыс беруші болып табылмайтын салық агенті аталған тұлғаларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер:
жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарларға қатысу үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылуы;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамы бұйрығының (өкімінің) болуы;
37) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша – жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз берген техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының құны;
38) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түріндегі көрсетілетін қызметтердің құны;
39) "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер;
39-1) осы Кодекстің 22-бабының 14-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес алынған сыйақы сомасы;
40) жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында, қызметтік іссапарды ресімдемей жасалған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердi оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу бойынша жұмыс берушiнiң шығыстары:
жұмыскерді оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiгін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыс берушi:
жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде – жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде – жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
41) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен (ел, елді мекен) Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және кері қайтқанда әуе көлiгiмен жол жүруге шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жұмсаған:
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері болып табылатын және тікелей осындай жұмыстарды орындайтын және осындай қызметтерді көрсететін резидент-шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
42) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
жеке тұлға оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымы:
оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде – жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде – жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
43) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жұмсаған мынадай түрдегі төлемдер:
мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде – бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
мынадай:
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері;
растайтын құжаттар негізінде, келуге және кетуге арналған рұқсатты (визаны) ресімдеу кезінде жұмсалған шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күніне және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
мынадай білім беру деңгейлері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғарғы мектеп;
мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
44) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
45) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге;
осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
46) байланыс операторы абонент қолма-қол ақшасыз операцияларды жүзеге асырғаны үшін абоненттің мобильдік балансына байланыс операторының қаражаты есебінен есепке жатқызатын сома;
47) резидент-жеке тұлғаның кірістерінен ұстап қалынбай өз қаражаты есебінен осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті есептеген және төлеген жеке табыс салығының, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент есептеген және төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары;
48) операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерді мемлекеттік қаржылай емес қолдау түрінде бюджеттік қаражат есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;
49) талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым иемденген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түріндегі кіріс;
50) осы Кодекстің 228-бабының 7-1-тармағында белгіленген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлғаның бейрезидент-заңды тұлғадан бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сатып алуы нәтижесінде туындаған дивидендтер;
51) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған борышкердің міндеттемелерін есептен шығару;
52) "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлем түріндегі, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына бағытталған нысаналы жинақтар;
53) бұрын жүзеге асырылған сатып алу немесе алынған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есепке жазылған сома есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде олардың құнын үнемдеуден түсетін материалдық пайда.
Ескерту. 319-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
320-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей