Ст. 323 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
323-бап. Жұмыскердiң заттай нысандағы кірісі
Мыналар жұмыскердiң салық салуға жататын, заттай нысандағы кірісі болып табылады: 1) тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне беруге жататын өзге де мүліктің (ақшадан басқа) құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:
мүліктің баланстық құны;
мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жұмыскерге берілуіне негіз болған шартта немесе өзге құжатта айқындалған мүлік құны;
2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Жұмыскер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
4) жұмыскер жұмыс берушіден немесе үшінші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң жұмыскерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi. Мұндай тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады.
Лучшие юристы





добрый вечер, вот установили рядом с многоэтажкой контейнер вагон
Здравствуйте. Какая недельная нагрузка психолога в детском саду? Мне говорят 36 ч в неделю аргументируя это тем что, Виктор Беженаров в своей статье дал объяснение, что у нас 36ч в неделю.
добрый день. школа, работаю делопроизводителем, обед с 13.00 до 14.30. Ухожу на обед в 12.30, т.к. детей собрать и отправить нужно в школу. директор упорно говорит сидеть до 13.00. не хочет и не понимает что ли ситуацию, просто кроме меня детей никто не отправит. сказала, что напишу заявление и укажу время ухода на обед на полчаса раньше, так как детей в школу проводить надо.
Здравствуйте.У меня вот такая проблема.По диплому явоспитатель предшкольной подготовки.Проработав в школе в 0 классе за 1 год и 3 месяца получала оклад по часам 16 часов, как учитель, а не воспитатель.Авоспитатель работает на ставку 24 часа. Вот теперь не могу добиться правды. Говорят, что платили верно! Но я то не учитель! Все доплаты , как учитель я не получала, говорят не положено , что я воспитатель.А когда требую свои 24 часа, говорят все правильно.Но в приказе меня приняли, как воспитателя!Подскажите, могу ли я доказать в суде свою праводу, ведь по закону о статусе педагога воспитатель работает 24 часа, а не 16
Здравствуйте. Акимат сносил мой дачный участок решение 25.05.20 г. В решении судья отказала принять мою оценку по причине что ей более 5 месяцев хотя срок 6 месяцев. Судебные расходы возложила на меня хотя я сказал пусть платит акимат. Гос пошлину взыскала с меня. Хотя я не нашел что акимат освобожден от уплаты гос пошлину ст 616 нк.
Как привлечь судью к ответственности?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей