Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 322 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

ҚР Салық кодексi
322-бап. Жұмыскердің кірісі

1. Салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған және, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған мынадай кірістер жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады: 

1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне беруге жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қолсыз нысандарындағы ақша; 

2) осы Кодекстің 323-бабына сәйкес жұмыскердің заттай нысандағы кірістері; 

3) осы Кодекстің 324-бабына сәйкес жұмыскердің материалдық пайда түріндегі кірістері. 

Салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (оның алуына жататын) кірісі де жұмыскердің салық салуға жататын кірісі деп танылады. 

2. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша алынған (алуға жататын) кіріс салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алынған (алуға жататын) жұмыскердің салық салуға жататын кірісі болып табылады.  

3. Жұмыскердің салық салуға жататын кірісіне мынадай кірістер жатпайды: 

1) жеке тұлғаның салық агентінен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алатын кірісі; 

2) зейнетақы төлемдерi, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс; 

3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi кіріс; 

4) стипендиялар; 

5) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс; 

6) мүліктік кіріс; 

7) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі; 

8) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі; 

9) дара кәсіпкердің кірісі. 

Ескерту. 322-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...320 321 322 323 324 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Саламатсыз ба! Сынып жетекшіге сыныбындағы оқушының түнгі уақытта төбелескені үшін сөгіс берілуі қаншалықты заңды


Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?


Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться