Ст. 324 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.01.2023
ҚР Салық кодексi
324-бап. Жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірісі
Мыналар, оның ішінде: 1) жұмыскерге тауарларды өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген тауарлардың құны мен олардың баланстық құны немесе оларды сатып алу бағасы арасындағы терiс айырма;
жұмыскерге жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен қосылған құн салығының және акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстарының жалпы сомасы арасындағы теріс айырма жұмыскердің салық салуға жататын материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында сатып алу бағасын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырмайтын салық төлеушілер пайдаланады;
2) жұмыскерге борыш сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша борыш сомасын немесе жұмыскердің оның алдындағы міндеттемесін есептен шығару;
3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз жұмыскерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлер жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;
4) жұмыскерге шығындарды өтеу кезінде – жұмыскердің жұмыс берушiнің қызметiмен байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің шығыстары жұмыскердiң салық салуға жататын, материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
325-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы

город Астана, работаем по Казахстану и СНГ
Комментариев: 15
За последние 30 дней

г. Караганда
За последние 30 дней

За последние 30 дней

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Алматы +77279715251
За последние 30 дней
Новые комментарии на сайте
Гость
27.01.23 14:50:04
Здравствуйте! При расторжении брака в 2004 году оставила Фамилию мужа. Могу ли я сейчас поменять её на девичью? Так как дети выросли и носят другие фамилии.
alexajames
24.01.23 14:56:41
just in case you have forgotten and that is the only way I see to out
Ернур Кайратбекулы
24.01.23 10:11:19
для консультации писать на whatsApp
Асылбек Тлепов 87082207192
23.01.23 14:33:46
Не можете. Смотрите. ПП.9 п 3 ст 16 закона о госслужбе
Гость
23.01.23 12:50:36
Здраствуйте можно ли поступить на госслужбу если имеется статья 68 часть 1
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей