Ст. 36 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
36-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері
1. Салық төлеуші (салық агенті): 1) салық органынан қолданылып жүрген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат алуға;
2) салық органынан өзі ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде салықтық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндірме және комментарий алуға құқылы.
Деңгейлес мониторингке қатысушы үшін осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген түсіндірмелерді жүзеге асыру мен комментарийлер беруді, сондай-ақ жоспарланған мәмілелерге (операцияларға) қатысты алдын ала түсіндірме беруді уәкілетті орган жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарда жеке өзі немесе өкілі арқылы өзінің мүдделерін білдіруге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудит жүргізуге шарт жасасуға;
5) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
6) осы Кодексте айқындалған тәртіппен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту үшін салық органына жүгінуге;
7) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органы лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
8) салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы.
2. Салық төлеуші (салық агенті):
1) салықтық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) салық органының талап етуімен салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты және осындай шарт жасалған жағдайда, салықтар бойынша аудиттің қорытындысын ұсынуға;
3) осы Кодексте және сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жағдайларда салық органы сұрататын ақпарат пен құжаттарды беруге;
4) қалыпты сақтау жағдайлары кезінде табиғи тозу және (немесе) табиғи кему салдарынан билік ету шектелген мүліктің өзгерулерін қоспағанда, мұндай мүліктің шектеу алынғанға дейін өзгеріссіз күйде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Салық төлеуші:
1) бақылау-касса машиналарын қолданған кезде қойылатын талаптарды сақтауға;
2) бақылау-касса машинасының тауар чектерінің кітаптарын осындай кітаптар толығымен толтырылған күннен бастап талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде сақтауға;
3) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы қолданылған кезде ауыспалы есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптарын, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген чектерді талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде сақтауға;
4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда биометриялық сәйкестендіруден өтуге міндетті.
4. Қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші халықты хабардар ету үшін салық төлеушінің паспортын тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және жалпыға бірдей қолжетімді жерлерге орналастыруға міндетті.
Осы баптың мақсатында салық органы қалыптастыратын, салықтық құпия болып табылмайтын және штрих-кодта қамтылған кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы салық төлеушінің паспорты болып табылады.
Салық төлеушінің паспорты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Салық төлеушінің паспортындағы мәліметтердің тізбесін, оны қалыптастыру және интернет-ресурста орналастыру тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді орындайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi ҚР Салық кодексi 3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы ҚР Салық кодексi 39-бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау ҚР Салық кодексi 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 24-1-бап. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей