Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 363 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР Салық кодексi
363-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай резидент-салық төлеушілер тапсырады: 

1) дара кәсіпкерлер; 

2) жеке практикамен айналысатын адамдар;  

3) мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар; 

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған жеке тұлғалар; 

5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агентіне қатысты емес кірістер алатын үй жұмыскерлері; 

6) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiмен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары; 

7) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары; 

8) еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша кірістерді алатын (алуға жататын), Қазақстан Республикасының резидент-еңбекші көшіп келушілері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер; 

9) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алатын медиаторлар; 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7), 9), 10), 11), 11-1) және 12) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғаларға қолданылмайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) және 12) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғаларға қолданылмайды. 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістерді алатын жеке тұлғалар; 

11) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-1) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар; 

12) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлік бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар: 

шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (құқықтары және (немесе) мәмілелері) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік; 

эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар; 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; 

12-1) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар; 

13) осы тармақтың 1) – 10) тармақшаларда көрсетілмеген, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістерді алған жеке тұлғалар. 

Осы тармақшаның ережелері "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру міндеттемесі жүктелген тұлғаларды қоспағанда, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге қолданылмайды. 

Бұл ретте осы тармақта аталған, оның ішінде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүрген адамдар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынбайды. 

2. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 681-бабының 2 және 2-1-тармақтарында көрсетілген, осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырмайды.

Статья 1 ...361 362 363 364 365 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться