Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 362 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Салық кодексi
362-бап. Салықты төлеу мерзімдері

1. Егер осы Кодекстің 365-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны: 

1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам – тұрған жері бойынша; 

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсыруы үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүзеге асырады. 

Бұл ретте осы Кодекстiң 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәсілдеріне қарай оны тапсыру үшін осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді. 

2. Патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді. 

3. Салық төлеуші осы Кодекстің 364-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады. 

Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

363-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.02.2023 № 196-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...360 361 362 363 364 ...780

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.


В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться