Ст. 401 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
401-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні
1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күні;
2) осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын шот-фактураны немесе өзге де құжатты жазып беру күні.
Күші жойылған шот-фактурада және түзетілген шот-фактурада көрсетілген айналым жасау күндері ерекшеленетін және әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келетін жағдайларды қоспағанда, түзетілген шот-фактура жазып берілген жағдайда қосылған құн салығының сомасы күші жойылған шот-фактура бойынша осындай салық есепке алынған салықтық кезеңде есепке алынады.
Егер электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурада қағаз жеткізгіште жазып беру күні көрсетілсе, онда осы тармақтың мақсаттары үшін осындай күн шот-фактураны жазып беру күні болып танылады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 2 – 6-тармақтарында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:
1) бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде осы Кодекстің 102 және 103-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуларды жүргізу арқылы салықты төлеу есебіне жүзеге асыру күні;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген кедендік ресімдеу күні немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште осындай салық есептелген салықтық кезеңнің соңғы күні.
3. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:
1) бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде осы Кодекстің 102 және 103-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуларды жүргізу арқылы салықты төлеу есебіне жүзеге асыру күні;
2) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осындай салық есептелген салықтық кезеңнің соңғы күні.
4. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
5. Қосымша шот-фактура бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы осындай шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады. Бұл ретте осы Кодекстің 419-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген қосымша шот-фактура бойынша қосылған құн салығының сомасы күші жойылды деп танылған қосымша шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
6. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясын, жүйелік көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
Ескерту. 401-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей