Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 399 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
399-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

1. Мыналардың:  

1) ұлттық және шетел валютасы банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзаттың; 

3) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген, тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлардың; 

4) акцизделетіндерді тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлардың; 

5) акцизделетін тауарларды қоспағанда, қайырымдылық көмек, техникалық жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша әкелінетін тауарлардың; 

6) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлардың; 

7) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың; 

8) салық төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсіммен орналастырыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарлардың; 

9) ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдығының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның осындай ғарыш объектілері мен жабдықтың ғарыш қызметінің мақсаттары үшін әкелінгені туралы растауы негізінде қолданылады; 

10) мынадай: 

Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген; 

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың импорты қосылған құн салығынан босатылады. 

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді; 

10-1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтың және жинақтауыш заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады. 

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді; 

11) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттардың; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруге және протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды және ветеринариялық техниканы өндіруге арналған материалдардың, жабдықтың және жинақтауыш заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.  

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді; 

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – заңды тұлға импорттайтын инвестициялық алтынның; 

13) тіркеуші органда тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады. 

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;  

14) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде: 

шикізат және (немесе) материалдар импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбесіне енгізілсе; 

шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе; 

әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде тек қана инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде қолданса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі (инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны қоспағанда) шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты қосылған құн салығынан босатылады. 

Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап қатарынан бес жыл бойғы мерзімге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан көп тіркелген активті енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі. 

Тауарлар еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарлар әкелінген кезде оларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады; 

15) мынандай шарттар сақталған кезде: 

көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса; 

ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса; 

құрамдастарды өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма немесе "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ олардың құрамдастарының; 

16) егер: 

оларды "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне енгізілген заңды тұлға әкелсе; 

олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне өткізу үшін аффинирленген алтынды өндіру кезінде ғана пайдаланылса, өңделмеген бағалы металдардың, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

17) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

17) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:  

тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесіне енгізілсе; 

тауарларды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттармен ресімделсе; 

тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында ғана әкелінсе, "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер әкелген тауарлардың; 

18) осы Кодекстің 49-бабының 10-тармағына сәйкес жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және осы Кодекстің 457-бабында белгіленген талаптар орындалған тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді. 

Тауарлардың экспортын растау тәртібі бұзылған жағдайда импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады. 

19) шикі құрақ қантының; 

20) бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде: 

көрсетілген тауарлар өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында болмаса немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппаса; 

әкелінген тауарлар уәкілетті органмен, салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілсе; 

әкелінген тауарлар тек қана пестицидтерді өндіруге арналса және одан әрі өткізуге арналмаса, пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) импорты қосылған құн салығынан босатылады. 

Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып, төленуге жатады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

21) тармақша 01.01.2023 бастап 01.01.2026 дейін қолданылады – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.

21) мемлекеттік емес музейлер әкелетін өнер туындыларының импорты қосылған құн салығынан босатылады. 

Осы тармақшада көрсетілген өнер туындыларының тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде: 

1) тауарлар еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылса; 

2) еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен аяқталса; 

3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы. 

Ескерту. 399-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

46-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ

Статья 1 ...397 398 399 400 401 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться