Ст. 402 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
402-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы
1. Мыналарды:
1) егер қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 407 және 409-баптарына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу арқылы әдісін қолданса, салық салынбайтын айналым мақсатында пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2) негізгі құралдар ретінде есепке алынған (есепке алынатын) жеңіл автомобильдерді;
3) мыналар:
есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжатта осындай құжатты жазып берген тұлғаның және (немесе) осындай құжат жазып берілген тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;
шот-фактурада құжатты жазып беру күні, шот-фактураның нөмірі, тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы, салық салынатын айналымның мөлшері туралы деректер көрсетілмеген;
шот-фактура осы Кодекстің 412-бабының талаптарына сәйкес куәландырылмаған;
шот-фактура осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 412-бабы 1-тармағының талаптары бұзыла отырып, қағаз жеткізгіште жазып берілген;
шот-фактура осы Кодекстің 412-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және 2-1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіште жазып берілген және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
4) төлемнің мерзімділігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемі қосылған құн салығы ескеріле отырып, қолма-қол есеп айырысу арқылы жүргізілген және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлемді жасау күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асып кететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
5) қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған тұрғын ғимаратты салу үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
6) осы Кодекстің 252 және 253-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы банктегі арнайы депозиттік шотта орналастырылған тарату қорының қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
7) осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген, өздері алған нысаналы салым немесе осындай нысаналы салымның қаражатынан өтеусіз негізде қаржыландыру есебінен сатып алған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
8) лотерея өткізу мақсатында пайдаланатын немесе пайдаланылатын, лотерея операторы сатып алған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты төлеуге жататын қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы деп танылады.
2. Мыналар:
1) комиссионерден – комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төлеуге жататын қосылған құн салығы;
2) экспедитордан – көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша міндеттерді орындау кезінде тасымалдаушыдан және (немесе) басқа да өнім берушілерден сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төлеуге жататын қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайды.
3. Тұрғын ғимаратты салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған тұрғын ғимаратты салу үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетін қызметтер бойынша қосылған құн салығын осы Кодекстің 410-бабында көрсетілген мақсаттар үшін салықтық тіркелімде бөлек есепке алады және декларацияда:
тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдайы басталғанға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай тұрғын ғимарат пайдалануға қабылданғанға дейін көрсетеді.
Мұндай қосылған құн салығы одан әрі осы Кодекстің 410-бабында айқындалған тәртіппен есепке алынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталғанға дейін мұндай құрылыс объектісі немесе оның бір бөлігі аяқталмаған құрылыс объектісі түрінде өткізілген кезде осындай өткізу күніне бөлек есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген, осы Кодекстің 410-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын қосылған құн салығының сомасына азайтылады.
Ескерту. 402-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей