Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 428 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР Салық кодексi
428-бап. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу

1. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар: 

1) жабдықтар; 

2) ауыл шаруашылығы техникасы; 

3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы; 

4) тікұшақтар мен ұшақтар; 

5) теміржол локомотивтері мен вагондар; 

6) теңіз кемелері; 

7) қосалқы бөлшектер; 

7-1) пестицидтер; 

7-2) асыл тұқымды жануарлар және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық; 

7-3) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді. 

8) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

10) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі. 

Бұл тізбеге осы тармақтың бірінші бөлігінің 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі. 

2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін: 

1) одан әрі өткізуге арналмаған; 

2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы; 

3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады. 

3. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына: 

1) осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды; 

2) тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын беретін, тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына жатқызуға мүмкіндік беретін құжаттарды ұсынады. Қажет болған жағдайда бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.  

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі. 

5. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есептеу мен есепке жатқызуда көрсетіледі. 

Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге жатады. 

Бұл ретте: 

1) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

1-1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген жануарларды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормаларының шегінде кемуі (өлуі) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды. 

Мәжбүрлі жағдайда сою тәртібін және табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді; 

2) осы Кодекстің 442-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару; 

3) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақаулық нәтижесінде тауардың шығып қалуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды. 

6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады. 

7. Осы баптың ережелері лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына тура келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде сыйақы есептелмей, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады. 

Ескерту. 428-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

49-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС

Статья 1 ...426 427 428 429 430 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться