Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 746 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР Салық кодексi
746-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді: 

Р/с
№ 
  Пайдалы қазбалардың, минералды шикізаттың, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткен минералды шикізаттың атауы  Мөлшерлемелер, пайызбен 
1.  Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi  Хром кені (концентрат)  21,06% 
Марганец, темір-марганец кенi (концентрат)  3,25% 
Темір кенi (концентрат)  3,64% 
Уран (өнімдік ерітінділерден алынған, шахталық әдіс)  6% 
2.  Металдар  Мыс  8,55% 
Мырыш  10,5% 
Қорғасын  10,4% 
Алтын, күміс  7,5% 
Платина, палладий  6,5% 
Алюминий  0,38% 
Қалайы  3,9% 
Никель  7,8% 
3.  Құрамында металдар бар минералды шикізат  Ванадий  5,2% 
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар  7,8% 
4.  Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат  Ниобий, лантан, церий, цирконий  7,7 % 
Галлий  1,0 % 
5.  Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат  Селен, теллур, молибден  7,0 % 
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, талий, гафний, рений, осмий  6,0 % 
6.  Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат  Радий, торий  5,0 % 
7.  Құрамында сирек металдар бар минералды шикізат  Литий, бериллий, тантал, стронций  7,7 % 
8.  Құрамында жерде сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат  Празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютений, иттрий
  
6,0 % 
Құрамында кендік емес пайдалы қатты қазбалар бар минералды шикізат 
9.  Жанатын, химиялық және агрономиялық минералды шикізат  Кокстелетін тас көмір, антрацит  4,05% 
Тас көмір (кокстелетін және антрациттен басқа), қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар  2,7% 
Фосфориттер  4,0% 
Бораттар, оның ішінде бор ангидриті  3,5% 
Калий және калий-магний тұздары  6,0% 
Барит  4,5% 
Тальк  2,0% 
Гипс  5,6% 
Күкірт  6,0% 
Флюориттер  3,0% 
Воластанит  3,5% 
Шунгит  2,0% 
Графит және басқалар  3,5% 
Жарқырауық тас шикізаты: 
10.  Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат  Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар  12,0 % 
11.  Құрамында өңделетін тастар бар минералды шикізат  Нефрит, яшма, жадеит, лазурит, радонит, малахит, авантюрин, агат, тау хрусталі, қызғылт кварц, бирюза, диоптаз, халцедон және басқалар  3,5 % 
12.  Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат  Техникалық алмастар, агат, корунд, циркон, яшма, серпентинит, асбест, слюда және басқалар  2,0 % 
13.  Өзгелері   Кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын өзге де кендік емес минералды шикізат  4,7%, бірақ көлем бірлігіне 0,02 АЕК-тен кем емес 

 

Бұл ретте өндірілген тас көмірге (кокстелетіннен және антрациттен басқа), қоңыр көмірге, жанғыш тақтатастарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы бапта белгіленген мөлшерлемесіне мынадай жағдайларда: 

1) табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы осындай өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі қызметтерді ұсыну үшін пайдаланған; 

2) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды осы баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектісіне өткізген;  

3) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына өткізген; 

4) өндірілген тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар осы Кодекстің 239-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде пайдаланылған;  

5) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға өткізген; 

6) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды қайта өңдеген және (немесе) оларды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған; 

7) энергия өндіруші ұйым болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждары және (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланған; 

8) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждары және (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін энергия өндіруші ұйымға өткізген; 

9) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды тауарларды өндіру кезінде оларды қайта өңдеуді және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарға өткізген жағдайларда 0, 01 коэффициенті қолданылады. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс запастардың құрамынан өндірілетін пайдалы қатты қазбалардың және минералды шикізаттың барлық түрлеріне салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыз мөлшерлеме бойынша төленеді. 

Осы тараудың мақсаттарында баланстан тыс запастарға мыналар жатады: 

KAZRC кодексі бойынша запастарды есепке алуға көшудің алдындағы күнгі жағдай бойынша Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның кен орны бойынша баланстан тыс запастар етіп бекітуі негізінде осындай запастарға жатқызылған пайдалы қатты қазбалар мен минералды шикізат; 

KAZRC кодексі бойынша запастарды есепке алуға көшкеннен кейін алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жүзеге асырылған жағдайда, баланстан тыс запастарға көлемдері болжанатын минералды ресурстар санатына енгізілген және тиісті салықтық кезеңде дәлелденген немесе ықтимал минералды запастар болып табылмайтын, минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар жатады. 

Бұл ретте баланстан тыс запастар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар өткізілген жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемесі қолданылмайды. 

2. Егер осы Кодекстің 720-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келетін кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік деңгейі 5 және одан аз пайызды құраған жағдайда, мұндай кен орнында (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобында, кен орнының бір бөлігінде) өндірілген пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдануға құқылы. 

Кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орнының тобы, кен орнының бір бөлігі) осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған төмен рентабельділік өлшемшарттарына іс жүзінде сәйкес келмеген кезде жер қойнауын пайдаланушы тиісті күнтізбелік жылдың төртінші тоқсанынан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер негізінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемелерді қайта есептеуді осындай өлшемшарттар сақталмаған бүкіл жыл үшін жүргізеді және алынған мәндерді төртінші тоқсандағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша қосымша декларацияда көрсетеді. Осындай декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы төртінші тоқсанның салықтық міндеттемесі болып табылады және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жатады. 

Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу (жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшіру) не пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру (жер қойнауы учаскесін бөлу) үшін берілген жер қойнауы учаскелерін түрлендіру жүзеге асырылған кен орындарына да (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобына да, кен орнының бір бөлігіне де) қолданылады. 

3. Кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы өнеркәсіптік өндіру басталған кезден бастап алпыс ай ішінде 0 пайыз мөлшерлеме бойынша бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде есептеледі: 

1) кен орнында (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобында, кен орнының бір бөлігінде) минералды шикізатты өнеркәсіптік өндіру 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кейін басталды; 

2) кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі 15 пайыздан аспайды; 

3) өзара байланысты тараптың пайдасына иеліктен шығаруды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мөлшерлемесі қолданылған кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы осы тармақтың ережелерін қолдану кезеңі ішінде иеліктен шығаруға жатпайды. 

Осы тармақтың мақсатында кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі осы Кодекстің 720-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тәртіпке сәйкес айқындалады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында белгіленген шарттар сақталмаған кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы осы тармақтың ережелерін қолданудың бүкіл кезеңі үшін осы баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша төленеді. 

Кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген көрсеткішке жеткен кезде салық төлеуші тиісті күнтізбелік жылдың төртінші тоқсанынан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемелерді қайта есептеуді жүргізеді. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемелердің аталған қайта есептелуі рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі он бес пайыздан асқан бүкіл жыл үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы баптың 1 немесе 2-тармағында көрсетілген мөлшерлемелері қолданыла отырып жүзеге асырылады және осындай жылдың төртінші тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша қосымша декларацияда көрсетіледі. Осындай декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы төртінші тоқсанның салықтық міндеттемесі болып табылады және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жатады. 

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемелер қайта есептелгеннен соң кейінгі кезеңдерде рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі он бес пайыздан төмен төмендеген жағдайда, салық төлеуші осы кейінгі кезеңдер үшін осы тармақтың ережелерін қолдануға құқылы емес. 

Ескерту. 746-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-параграф. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшыққа арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы

Статья 1 ...744 745 746 747 748 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться