Ст. 470 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
470-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемшарттары
Ескерту. 470-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) , дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды өндiрушi;
2) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатын оларды одан әрі өткізу мақсатында қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды алған мұнай беруші;
3) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинін (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi өнім берушілер болып табылады деген шартпен пайдалануға міндеттенсе, аталған акцизделетiн тауарларды өткiзу көтерме саудада өткiзу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды одан әрі өткізу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелту де жатады.
2. Бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында көрсетілген өнім берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады:
1) мұнай өнімдерін өндірушінің алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды тұлғаларға олардың өндiрiстiк мұқтаждары үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;
2) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды жеке тұлғаларға өткiзу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану.
Ескерту. 470-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей