Ст. 468 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
468-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады. Мыналар халықаралық тасымал деп танылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде пошта жөнелтілімдерін тасу;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүктерді тасу;
3) халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау;
4) халықаралық қатынаста жолаушылар поездарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет.
Егер тасымалды ресiмдеу осы баптың 4-тармағында белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылса, осы тараудың мақсаттары үшін тасымал халықаралық тасымал болып есептеледi.
2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, халықаралық тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда, халықаралық тасымалға Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдаушы немесе соның көлігі арқылы жолаушылар, тауарлар (пошта жөнелтілімдері, багаж, жүк багажы) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тасымалдаушы жүзеге асыратын тасымал жатады.
3. Тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында халықаралық тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайларда тасымалдаушылар теміржол және су көлігімен жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымал деп танылады.
4. Осы баптың мақсаттары үшін мыналар халықаралық тасымалдарды растайтын құжаттар болып табылады:
1) жүктерді тасымалдау кезінде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;
әуе көлігімен – жүкке арналған жүкқұжат (әуе жүкқұжаты);
теңіз көлігімен – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;
көліктің екі немесе одан көп түрімен транзитпен (аралас тасымал) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);
магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы:
есеп айырысу кезеңi iшiндегі экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның не есеп айырысу кезеңi iшiндегі кедендік транзиттеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдау-беру актiлерi;
2) жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау кезінде:
автомобиль көлігімен:
тұрақты тасымалдар кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жүрі жолындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдар кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;
теміржол көлігімен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;
Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость пен жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
әуе көлігімен:
бас декларация;
жолаушы манифесі;
карго-манифест;
лоджит (орталық-тиеу графигі);
жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті және багаж түбіртегі);
халықаралық қатынаста жолаушылар пойыздарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:
жолаушылар пойызының заттай парағы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жасалуы мүмкін.
5. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзіндегі әкету туралы хабарламасы бар, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 392-бап. Салық кезеңi ҚР Салық кодексi 107-бап. Сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы 3-бап. Қазақстан Республикасындағы сауда-өнеркәсiп палаталарының жүйесi Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 212-бап. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезіндегі оқыту және ғылым саласындағы міндеттемелері ҚР Салық кодексi 733-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей