Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 469 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Салық кодексi
469-бап. Сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

Ескерту. 469-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді. 

Осы Кодекстің 172-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізге алына отырып жүргізіледі. 

2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай: 

1) сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуалдар салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған; 

2) бүлiнген сәйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары есептен шығару және жою туралы актінің негiзiнде қабылдаған жағдайларда қайта есептеуге жатады. 

3. Темекі бұйымдарына берілген сәйкестендіру құралдары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай: 

1) сәйкестендіру құралдарының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуалдар салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған; 

2) бүлінген сәйкестендіру құралдарын салық органдары есептен шығару және жою туралы актінің негізінде қабылдаған жағдайларда акциз төленбейді. 

Ескерту. 469-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...467 468 469 470 471 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться