Ст. 5 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
5-бап. Салықтық берешекке байланысты ұғымдар
Салықтық берешекке байланысты ұғымдар:
1) бересі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің есептелген және есепке жазылған, мерзімінде төленбеген сомалары;
2) өсімпұлдар – мерзімі өткен әрбір күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қолданыста болатын базалық мөлшерлемесіне еселенген мөлшерде есептелетін және мыналарға:
бюджетке төлеу күнін қоса алғанда, төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімінен кейінгі күннен бастап салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, оның ішінде аванстық және (немесе) ағымдағы төлемнің салық төлеушінің (салық агентінің) мерзімінде төлемеген сомасына;
төленген және (немесе) артық төленген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің сомасына және (немесе) қайтару күнін қоса алғанда, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін салық органы бұзған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына есепке жазылатын ақшалай сомалар.
Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің осы тармақшада көзделген еселенуі:
деңгейлес мониторингке қатысушы үшін – 0,65;
өзге салық төлеушілер (салық агенттері) үшін – 1,25 құрайды.
3) салықтық берешек – бересі сомасы, өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары.
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген айыппұлдар сомасы салықтық берешекке қосылмайды;
4) салықтық берешектің шекті мөлшері – уәкілетті орган айқындаған салықтық берешектің мөлшері, ол асып кеткен кезде салық органы салық төлеуші заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға осы Кодекстің 86 және 87-баптарында және 185, 186, 187, 188 және 189-баптарында көзделген салықтық міндеттемені қамтамасыз ету тәсілін және (немесе) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады.
Салықтық берешектің шекті мөлшері салықтық міндеттемені қамтамасыз етудің әрбір тәсілі және (немесе) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың әрбір шарасы үшін жеке-жеке тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 20 еселенген мөлшерінде айқындалады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 7-бап. Салық салудың әділдігі принципі ҚР Салық кодексi 2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы ҚР Салық кодексi 8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі ҚР Салық кодексi 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар ҚР Салық кодексi 9-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы қағидатыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей