Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 522 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Салық кодексi
522-бап. ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салық салу

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 468-бабына сәйкес жүргізіледі. 

2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау, егер тасымалды ресімдеу экспортталатын немесе импортталатын тауарлардың сатып алушыға не көрсетілген тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берілгенін растайтын құжаттармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі. 

3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін растайтын құжаттар мыналар болып табылады: 

1) экспорттау жағдайында – тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі; 

2) импорттау жағдайында – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі; 

3) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-тапсыру актілері; 

4) шот-фактуралар. 

4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бірінің аумағынан ЕАЭО-ға мүше сол немесе басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен: 

1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, жүктерді сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-тапсыру актілерімен; 

2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.

Статья 1 ...520 521 522 523 524 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться