Ст. 521 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
521-бап. Тауарларды экспорттауды растау
1. Мыналар тауарларды экспорттауды растайтын құжаттар болып табылады:
1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
2) аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы белгісі бар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);
3) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорттау жағдайында тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
4) авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттау жағдайында оның құны туралы растауы.
2. Осы Кодекстің 473-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды растау мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатының әкетілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
5) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына қайта өңдеу өнімдері импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу және (немесе) төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы белгісі бар (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда);
6) қайта өңдеу өнімдерінің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан әкетілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Егер қайта өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе – осындай қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкеткен жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
7) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.
Қайта өңдеу өнімдерін сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспорттаған жағдайда қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортталуын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
3. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдері ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспортталған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды растау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға негіз болатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
5) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Қайта өңдеу өнімдері магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларация;
7) мынадай жағдайларда:
тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорттың кедендік рәсімінде әкету;
уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік декларациялауды жүргізген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларация;
8) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
9) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар, сондай-ақ тауарларды экспорттауды растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
10) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.
4. Қайта өңдеу өнімдері сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған жағдайда, қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортталуын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Для народа нужно это амнистию сделать. этих депутатов которые против народа надо наказывать
пункт 1 подпункт 2 Первичные бухгалтерские документы подписанные ЭЦП , через платформы различных организаций специализированных по ЭДО, как доверенность, накладная на отпуск товаров, АВР являются законно приравненные к живой печати и подписи по данной статье?
Сәлеметсіз бе. Мен бір бургерде кассир болып істедім 3 күн стажировка, 2 күн толық жұмыс істедім. Кейін денсаулығыма байланысты жұмыстан шығатынымды алдын ала ескерттім. Менеджерге жаздым, чатта переписка сақталған.
Бірақ қазір маған “өз еркіңмен кетсең жалақы берілмейді” деп отыр. Бұл ереже маған жұмысқа кірерде толық түсіндірілмеген, группаға кейін ғана қосты. Ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын.
Осы жағдайда олар істеген күнімнің ақысын бермеуге құқылы ма? Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қандай құқықтарым бар?
У вас приведена не полная версия данной статьи. Вот полная версия:
Статья 115-1 УК РК. Сталкинг
1. Сталкинг, то есть навязчивое преследование лица, совершаемое вопреки его воле, выражающееся в:
- систематическом установлении или попытках установления контакта с лицом (посредством телефонных звонков, текстовых сообщений, социальных сетей или иных средств связи);
- слежке и (или) наблюдении за лицом (в том числе по месту его жительства, работы, учебы или иного времяпрепровождения);
- сборе сведений о частной жизни лица без его согласия, если эти действия вызывают у потерпевшего обоснованное опасение за свою безопасность или причиняют психологические страдания,
наказывается:
- штрафом в размере до двухсот месячных расчетных показателей (МРП);
- либо исправительными работами в том же размере;
- либо привлечением к общественным работам на срок до двухсот часов;
- либо арестом на срок до пятидесяти суток.
2. То же деяние, совершенное:
а) группой лиц или группой лиц по предварительному сговору;
б) в отношении несовершеннолетнего;
в) в отношении лица, находящегося в беспомощном состоянии или в материальной или иной зависимости от виновного;
г) с применением информационно-коммуникационных технологий (киберсталкинг), —
наказывается:
- штрафом в размере до пятисот МРП;
- либо исправительными работами в том же размере;
- либо привлечением к общественным работам на срок до трехсот часов;
- либо арестом на срок до семидесяти пяти суток.
Жалоба должна содержать факты, даты, документы и четкую просьбу.
Просто “прошу разобраться” часто не работает.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей