Ст. 56 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
56-бап. Салық органының өзге тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауы
1. Нотариус салық органы мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы тұлғалар бойынша салық органына мыналар: 1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар;
2) мұраға құқық туралы берілген куәліктер;
3) қарыз шарттары;
4) бағасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын, мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жатпайтын, сондай-ақ олардан бөлек, басқа да мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің тізбесі мен нысандарын және оларды ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
2. Бағалаушылар палатасы бағаланатын салық салу объектісінің тұрған жеріндегі салық органына есептің жасалған күні мен оның реттік нөмірін, сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген бағалау субъектісі мен объектісін көрсете отырып, есепті кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер, белгілі бір нарықтық құн туралы мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Осы тармақта көзделген мәліметтердің тізбесі мен нысандарын және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы салық органына жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органына сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы тұлғалар туралы, сондай-ақ тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
5. Интернет-алаң иелері ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді салық органына ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
6. Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдаулар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді электрондық нысанда өзінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
7. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары, инвестициялық қорлардың және өзге де қорлардың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқарушы компаниялар, "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры және квазимемлекеттік сектор субъектілері уәкілетті органға салықтық әкімшілендіру үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
8. Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлға салық органына сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жөнелтілетін, тасымалданатын және жеткізілетін тауарлар туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
9. Тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі:
1) егер мұндай салық төлеушінің қызметі:
заң көмегін көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпараттандыруға, азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірлерге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда, қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
аталған қызмет коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталса, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы салық органын хабардар етеді;
2) салық органдарына осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мәліметтер салық органы қалыптастыратын, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері туралы дерекқорға (бұдан әрі – дерекқор) енгізіледі.
Дерекқорды қалыптастыру мыналарды көздейді:
1) тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін енгізу;
2) тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін алып тастау;
3) дерекқорға енгізілген тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің тізілімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру.
Хабарламаның және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ дерекқорды қалыптастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Осы тармақта көзделген талаптар:
1) мемлекеттік мекемелерге;
2) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттарының депутаттарына, әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
3) банк ұйымдарына, сақтандыру ұйымдарына;
4) салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілерге;
5) білім беру ұйымдарына;
6) жеке практикамен айналысатын адамдардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
8) дипломатиялық өкілдіктерге, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;
9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
10) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
11) емделу ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
15) төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.
Салық органы жеке жағдайларда шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алу, оларды жұмсау кезінде тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің осы тармақта белгіленген талаптарды орындауына салықтық тексеру жүргізуге құқылы.
10. Цифрлық майнинг пулы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей салық органына цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
11. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ АХҚО-ның өзге де қатысушылары есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей салық органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
12. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар аппараттық-бағдарламалық кешендерді салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді салық органына ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің тізбесі мен нысанын уәкілетті орган белгілейді.
13. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы мәліметтерді, ал тауар биржалары және (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары – жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді ұсынады.
Сұрау салудың және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысандарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
14. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлға (жалға беруші) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімін жасайды және есепті жылдан кейінгі жылғы 31 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.
Мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары тізілімінің нысанын, оны жасау және ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
15. Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар АХҚО қатысушысы уәкілетті органға краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
16. Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие адам салық органына мынадай тәсілдердің бірімен:
бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу фактілерін бейнетіркеумен;
уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін бақылау-касса машиналарының берілген чектерін фототіркеумен;
ақшаның мобильді аударымдар арқылы аударылғаны туралы банктік түбіртектермен расталған, өзіне белгілі бұзушылық фактілері туралы хабарлауға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам, мұндай факт расталған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы беруге жатады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамға қолданылмайды. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
17. Салық органы жыл сайын ҰКП-ның сұрау салуы бойынша жиынтық жылдық кірістері "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған салық төлеушілердің атауы мен сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
18. Интернет-платформалар операторлары салық органының сұрау салуы бойынша қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді салық органына ұсынады.
Өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
19. Кредиттік бюролар активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысандарын және осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі жеке тұлғаның кредиттік тарихын қалыптастыру үшін банк ұйымдарының кредиттік бюроларға беретін мәліметтеріне қолданылмайды.
20. Қор биржалары сауда жүйелерін салық органының ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы өткізілген сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған мәмілелер жөніндегі мәліметтерді салық органына ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕ
4-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей