Ст. 606-3 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
606-3-бап. Төлемақы мөлшерлемесі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, цифрлық майнинг мақсатында төлемақыны есептеу есепті кезең үшін тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін бағасына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі: Р/с № | Тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін бағасы (теңгемен) | Электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңгемен) |
1. | 1-ді қоса алғанға дейін | 25 |
2. | 1-ден жоғары 2-ні қоса алғанға дейін | 24 |
3. | 2-ден жоғары 3-ті қоса алғанға дейін | 23 |
4. | 3-тен жоғары 4-ті қоса алғанға дейін | 22 |
5. | 4-тен жоғары 5-ті қоса алғанға дейін | 21 |
6. | 5-тен жоғары 6-ны қоса алғанға дейін | 20 |
7. | 6-дан жоғары 7-ні қоса алғанға дейін | 19 |
8. | 7-ден жоғары 8-ді қоса алғанға дейін | 18 |
9. | 8-ден жоғары 9-ды қоса алғанға дейін | 17 |
10. | 9-дан жоғары 10-ды қоса алғанға дейін | 16 |
11. | 10-нан жоғары 11-ді қоса алғанға дейін | 15 |
12. | 11-ден жоғары 12-ні қоса алғанға дейін | 14 |
13. | 12-ден жоғары 13-ті қоса алғанға дейін | 13 |
14. | 13-тен жоғары 14-ті қоса алғанға дейін | 12 |
15. | 14-тен жоғары 15-ті қоса алғанға дейін | 11 |
16. | 15-тен жоғары 16-ны қоса алғанға дейін | 10 |
17. | 16-дан жоғары 17-ні қоса алғанға дейін | 9 |
18. | 17-ден жоғары 18-ді қоса алғанға дейін | 8 |
19. | 18-ден жоғары 19-ды қоса алғанға дейін | 7 |
20. | 19-дан жоғары 20-ны қоса алғанға дейін | 6 |
21. | 20-дан жоғары 21-ді қоса алғанға дейін | 5 |
22. | 21-ден жоғары 22-ні қоса алғанға дейін | 4 |
23. | 22-ден жоғары 23-ті қоса алғанға дейін | 3 |
24. | 23-тен жоғары 24-ті қоса алғанға дейін | 2 |
25. | 24-тен жоғары | 1 |
Меншікті электр энергиясын пайдаланған кезде, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 10 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
2. Цифрлық майнинг мақсатында төлемақы Қазақстан Республикасының аумағындағы меншікті электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.02.2023 № 196-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 25 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
3. Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған жағдайларда цифрлық майнинг мақсатында тұтынылған электр энергиясының көлемі электр энергиясының ең жоғары қуатын тәулік бойы тұтыну есебінен есептеледі.
4. Әртүрлі төлемақы мөлшерлемелерін қолданудың бірнеше негіздері бір мезгілде болған кезде анағұрлым жоғары төлемақы мөлшерлемесі қолданылады.
Ескерту. 606-3-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей