Ст. 686-1 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
686-1-бап. Арнаулы мобильді қосымша
1. Арнаулы мобильді қосымша – осы параграфта белгіленген арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) мақсаттары үшін уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша. Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2. Арнаулы мобильді қосымшада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын дара кәсіпкер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы (клиент), алушы арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру фактісін растайтын құжат ретінде арнаулы мобильді қосымшаның чегі қалыптастырылады.
3. Арнаулы мобильді қосымшаның чегі мынадай ақпаратты:
1) салық төлеушінің атауын;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3) арнаулы мобильді қосымша чегінің реттік нөмірін;
4) жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тұлғаның (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің) атауын, оның сәйкестендіру нөмірін қамтиды.
Осы тармақшада көрсетілген ақпарат жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның талап етуі бойынша, белгілі бір шығыстарға шегерімдерді растау мақсатында толтырылады;
5) өткізілетін тауар санаты, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу күні мен уақытын;
6) өткізілетін тауар санатының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын (өлшем бірлігі үшін);
7) өткізілетін тауар санатының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауын;
8) өткізілетін тауарлар санаттарының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемін (олардың өлшем бірліктерімен);
9) өткізілетін тауарлар санаттарының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құнын;
10) арнаулы мобильді қосымшаның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-кодты қамтиды.
Осы тармақтың мақсаты үшін тауар санаты деп функционалдық мақсаты бойынша біріктірілген тауарлар тобы түсініледі.
4. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, электрондық алаңдар операторының мобильді қосымшасын пайдаланған кезде оларға арнаулы мобильді қосымшаның чектерін қалыптастыруға уәкілеттік беруге құқылы.
Осы бапта электрондық алаң операторы деп Интернетте орналастырылған, электрондық форматта делдалдық қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға арналған ақпараттық жүйелердің операторы түсініледі.
5. Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.
6. Арнаулы мобильді қосымшаның чегін салық төлеуші қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйені (құрылғыны) пайдаланып есеп айырысу кезінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға (клиентке), алушыға, оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына беруге тиіс.
Қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысулардың өзге нысандары кезінде арнаулы мобильді қосымшаның чегі есеп айырысулар жүргізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей қалыптастырылуға және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға (клиентке), алушыға, оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына берілуге тиіс.
7. Арнаулы мобильді қосымша арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде кірістер тізілімін қалыптастырады.
8. Арнаулы мобильді қосымшаны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымшаның чегін қалыптастыру және беру үшін, жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, оларды төлеу және оңайлатылған декларацияны ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау үшін пайдалана алады.
Ескерту. 686-1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей