Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 615 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Салық кодексi
615-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері

1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) еселенген мөлшерде айқындалады. 

2. Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 

Р/с №  Тіркеу әрекеттерінің түрлері  Мөлшерлемелер (АЕК) 
1.  Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:   
1.1.  заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін  6,5 
1.2.  саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін  14 
2.  Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін және пәтерлердің (үй-жайлардың) меншік иелерінің кооперативін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:   
2.1.  мемлекеттік тіркегені, қызметтің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін 
2.2.  қайта тіркегені үшін  0,5 
3.  Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерін және (немесе) олар құрған, осы Кодекстің 322-бабының талаптарына сәйкес келетін ұйымдарды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:   
3.1.  тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) 
3.2.  қайта тіркегені, қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), есептік тіркеуден шығарғаны үшін 

 

3. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері: 

Р/с
№ 
Тіркеу әрекеттерінің түрлері  Мөлшерлемелер (АЕК) 
1.  Мемлекеттік тіркегені үшін:   
1.1.  механикалық көлік құралын (оған қатысты бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені  0,25 
1.2.  теңіз кемелерін  60 
1.3.  өзен кемелерін  15 
1.4.  шағын көлемді флот кемелерін   
1.4.1.  қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді 
1.4.2.  қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді 
1.4.3.  өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді  1,5 
1.5.  қалалық рельсті көлікті  0,25 
1.6.  теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын  0,25 
2.  Қайта тіркегені үшін:   
2.1.  механикалық көлік құралын немесе тіркемені  0,25 
2.2.  теңіз кемелерін  30 
2.3.  өзен кемелерін  7,5 
2.4.  шағын көлемді флот кемелерін   
2.4.1.  қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді  1,5 
2.4.2.  қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді 
2.4.3.  өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді  0,75 
2.5.  қалалық рельсті көлікті  0,25 
2.6.  теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын  0,25 
3.  Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:   
3.1.  механикалық көлік құралын немесе тіркемені  0,25 
3.2.  теңіз кемелерін  15 
3.3.  өзен кемелерін  3,75 
3.4.  шағын көлемді флот кемелерін   
3.4.1.  қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді  0,75 
3.4.2.  қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді  0,5 
3.4.3.  өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді  0,38 
3.5.  қалалық рельсті көлікті  0,25 
3.6.  теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын  0,25 
4.  Механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін:   
4.1.  гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары:   
4.1.1.  шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі  0,25 
4.1.2.  шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі  25 
4.1.3.  шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары  250 
4.2.  электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары:   
4.2.1.  шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі  0,25 
4.2.2.  шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі  50 
4.2.3.  шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары  500 
4.3.  М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштарды қоспағанда):   
4.3.1.  шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі  0,25 
4.3.2.  шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі  240 
4.3.3.  шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейінгі  350 
4.3.4.  шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары  2500 
4.4.  N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштар):   
4.4.1.  шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі  0,25 
4.4.2.  шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі  240 
4.4.3.  шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейінгі  350 
4.4.4.  шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан жоғары  2500 
Статья 1 ...613 614 615 616 617 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться