Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 644 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
644-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері

1. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері деп кірістердің мынадай түрлері танылады: 

1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түсетін кіріс, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, оның шегінен тыс жердегі тауарларды өткізуден түсетін кіріс;  

2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс; 

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс. 

Осы бөлімнің мақсатында мыналар қаржылық қызметтер көрсету деп танылады: 

сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі; 

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі; 

банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесіне банктік шоттарды ашу және жүргізу, аудару операциялары, кассалық операциялар, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда); 

орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі; 

әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі; 

4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер. 

Осы тармақшаның ережелері: 

осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуден; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметін жүзеге асырудан түсетін кіріске қатысты қолданылмайды; 

5) шет мемлекетте тіркелген тұлғаның мынадай: 

аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған; 

егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірі орындалған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі, осы бөліктің 5-1) тармақшасына сәйкес салық салынбаған кірістері: 

Авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде осы Кодекске сәйкес таратудың салықтық тексеруін жүргізу немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды беру көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің мөлшері: 

салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төлеуге жатқан және аралық тарату балансын бекіту күніне осы баланста көрсетілуге жататын (көрсетілген) міндеттемелер сомасы (қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда), 

алу 

аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі немесе камералдық бақылау аяқталған күнге дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын міндеттемелер сомасы ретінде айқындалады. 

Тарату салықтық тексеруінің нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің нақты сомасын негізге ала отырып айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексеру актісінде көрсетіледі. 

Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің нақты сомасын негізге ала отырып айқындайды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетіледі. 

Бұл ретте уәкілетті орган бекіткен, жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне енгізілмеген мемлекеттерде тіркелген тұлғалардың кірістеріне қатысты осы тармақшаның ережелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген аванстар (алдын ала төлем) бойынша қолданылады. 

5-1) шет мемлекетте тіркелген тұлғаның бір мезгілде мынадай: 

бейрезиденттің мемлекетімен қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарт жасалмаған; 

шарт (келісімшарт) мерзімі екі жылдан асатын шарттар болған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері; 

6) мыналарды: 

құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті; 

резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін; 

бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін, егер бейрезидент-заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс; 

7) талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент-заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс. 

Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері бейрезиденттің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады; 

8) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – осы тармақтың 8-1) тармақшасында көзделген кірісті қоспағанда, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс. 

Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады; 

8-1) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқаға берілген (қайта берілген) борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс. 

Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады. 

Талап ету құқығын басқаға беруден түскен кіріс оң айырма туындайтын (ұлғайтылатын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте алдыңғы салықтық кезеңдерде бұрын танылған оң айырма ескерілмейді; 

9) бұрын негізсіз ұстап қалған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және басқа да санкция түрлері түріндегі кіріс; 

10) резидент-заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған инвестициялық пай қорларынан алынатын дивидендтер түріндегі кіріс; 

11) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі кіріс; 

12) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кіріс; 

13) роялти түріндегі кіріс; 

14) қаржы лизингінен басқа, Қазақстан Республикасында орналасқан немесе орналасатын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруден түсетін кіріс; 

15) Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктен алынатын кіріс; 

16) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс; 

17) халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс. 

Осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар деп әртүрлі мемлекеттердегі, олардың біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде поштаны кез келген тасымалдау танылады. 

Осы бөлімнің мақсатында мыналар халықаралық тасымалдар деп танылмайды: 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымалдау; 

тауарларды магистральдық құбыржолдармен тасу; 

18) теңіз тасымалы шартында (келісімшартында) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операциялары кезінде кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі кіріс; 

19) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржолдарды, электр беру желілерін, талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдаланудан алынатын кіріс; 

20) жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасалған еңбек келісімшарты (келісімі, келісімшарты) бойынша бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістері;  

21) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты бойынша бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі; 

22) резидентке қатысты өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне аталған адамдар алатын өзге де төлемдер; 

23) жұмыс берушілер болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақылар; 

24) бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірісі. 

Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде: 

бейрезидент-жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;  

бейрезидент-жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма; 

бейрезидент-жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады; 

25) бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі кірісі. 

Осы бөлімнің мақсатында мыналар материалдық пайда деп, оның ішінде: 

бейрезидент-жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған ақы төлеу де және (немесе) олардың құнының өтемі; 

бейрезидент-жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма; 

бейрезидент-жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады; 

26) резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері; 

26-1) бейрезидент-жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері; 

27) қалай және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино, радио, телевизия әртісінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен түсетін кірісі; 

28) ұтыс түріндегі кіріс; 

29) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызметтер көрсетуден түсетін кіріс; 

30) бейрезидент-жеке тұлғаның резидент-жеке тұлғадан өтеусіз алған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс. 

Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады. 

Өтеусіз орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, өтеусіз алынған мүліктің құны мүлікті беру күніне мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның баланстық құнының мөлшерінде айқындалады. 

Бухгалтерлік есеп деректері бойынша өтеусіз алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалған мүліктің құнын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, беру немесе мұраға енгізу күніне мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен: 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мұндай мүлік алынған күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша белгілеген құн негізінде; 

қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың көрсетілген бағалы қағазды мұраға алу (енгізу) күніне белгіленімінің құны негізінде белгіленеді. 

Өтеусіз алынған немесе мұраға қалған мүліктің құнын осы тармақшада айқындалған тәртіппен айқындау мүмкін болмаған жағдайда, құн мүлікті бағалау туралы есептің негізінде айқындалады; 

31) туынды қаржы құралдары бойынша кіріс; 

32) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алушы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемесін орындау жүктелмеген резидентке мүлікті сенімгерлік басқаруға беруден алынған кіріс; 

33) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс; 

34) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен пайда болған басқа да кірістер. 

Бұл ретте осы тармақтың 3), 4), 11), 12), 13), 25) және 28) тармақшаларының ережелері: 

резидент; 

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент, егер кірістерді есепке жазу, төлеу және (немесе) кірістерді төлеу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу, мұндай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса,;  

егер бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, мұндай құрылымдық бөлімше кірістерді есепке жазған, төлеген және (немесе) кірістерді төлеу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызған жағдайда қолданылады. 

2. Мыналар бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісі болып табылмайды: 

1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірісінен есептелген және салық агенті мұндай табыс салығын ұстамай өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы; 

2) өздеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге органның) мүшелеріне жұмсалған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте: 

осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат, сондай-ақ отырғызу талоны немесе жол жүру фактісін растайтын және тасымалдаушы берген өзге де құжат болған кезде электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты) негізінде бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және кері қайту жолына нақты жүргізілген шығыстар; 

осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша нақты жүргізілген, бірақ шетелде іссапарларда жүрген мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар; 

осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша нақты жүргізілген шығыстар; 

күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы; 

күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орны тұрақты тұратын жерімен сәйкес келмеуге тиіс. 

3) бейрезидент-заңды тұлғаның:  

осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарынан; 

осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген тұлға құрған, осы Кодекстің 289-бабының ережелерін қолданатын коммерциялық емес ұйымнан; 

осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымынан;  

"Астана" халықаралық қаржы орталығының органдарынан немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығы органының ұйымдарынан алынған кірісі; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-1) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаның кірісін қоспағанда, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлға төлейтін консультациялық, маркетингтік, инжинирингтік қызметтерді, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметтерді көрсетуден, деректерді өңдеу орталықтарын құру жөніндегі жұмыстарды орындаудан түсетін кіріс. 

Осы тармақшаның ережесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен қолданылады; 

4) бейрезидент-заңды тұлғаның осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірісі; 

4-1) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен;

5) бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ бейрезидент-эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны. 

Ескерту. 644-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

72-тарау. ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРУҒА АЛЫП КЕЛМЕЙТІН БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

Статья 1 ...642 643 644 645 646 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться