Ст. 645 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
645-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Жылдық төлемақы мөлшерлемелері салықтық кезеңнiң бiрiншi күнiне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерiнде айқындалады. 2. Радиобайланыстың мынадай түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Радиобайланыс түрлерi | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк берілгені үшiн) | астана, облыс, республикалық маңызы бар қала | 10 |
| 2. | Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн) | ||
| 2.1. | астана және республикалық маңызы бар қала | 140 | |
| 2.2. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 80 | |
| 2.3. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 | |
| 3. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | ||
| 3.1. | астана және республикалық маңызы бар қала | 80 | |
| 3.2. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 60 | |
| 3.3. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 15 | |
| 4. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | ||
| 4.1. | астана және республикалық маңызы бар қала | 30 | |
| 4.2. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 20 | |
| 4.3. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 | |
| 5. | Таратқыштың шығу қуаты: - 50 Вт-қа дейiн; - 50 Вт-тан жоғары болған кездегі ҚT-байланыс (бiр жиiлiк берілгені үшiн) | астана, облыс, республикалық маңызы бар қала | 10 20 |
| 6. | Радиоұзартқыштар (арна үшiн) | астана, облыс, республикалық маңызы бар қала | 2 |
| 7. | Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | астана, облыс, республикалық маңызы бар қала | 2300 |
| 5G/IMT ұялы байланысы (қабылдауға енi 5 МГц/беруге 5 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | астана, облыс, республикалық маңызы бар қала | 1150 | |
| 8. | Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 20 |
| 9. | HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуi 100 кГц/беруге 100 кГц болатын енi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 30 |
| 9.1. | Геостационарлық емес спутниктер қолданылатын спутниктік байланыс (түйіндесу станциясының бір қабылдау-беру құрылғысына, белдеуі қабылдауға 2МГц/беруге 2МГц болатын ені үшін) | Қазақстан Республикасы | 1 |
| 10. | HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн) | Қазақстан Республикасы | 100 |
| 11. | Радиореле желiлері (бiр аралықтағы дуплекстi ұңғыма үшiн): | ||
| 11.1. | жергiлiктi | аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ | 40 |
| 11.2. | аймақтық және магистральдық | Қазақстан Республикасы | 10 |
| 12. | Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | ||
| 12.1. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 25 | |
| 12.2. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 2 | |
| 13. | КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн) | ||
| 13.1. | астана және республикалық маңызы бар қала | 140 | |
| 13.2. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 70 | |
| 13.3. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 | |
| 14. | Эфирлiк-кәбілдік теледидар (8 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | ||
| 14.1. | халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен | 300 | |
| 14.2. | халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен | 135 | |
| 14.3. | халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала, аудан | 45 | |
| 14.4. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 | |
| 15. | Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн | облыс | 10 |
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер диапазоны | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Телевизия/жиіліктердің метрлік диапазоны | ||
| 1.1. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін | астана және республикалық маңызы бар қала | 81 |
| облыс | 15 | ||
| 1.2. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін | астана және республикалық маңызы бар қала | 361 |
| облыс | 65 | ||
| 1.3. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін | астана және республикалық маңызы бар қала | 957 |
| облыс | 174 | ||
| 1.4. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1 000 Вт-ты қоса алғанға дейін | астана және республикалық маңызы бар қала | 1353 |
| облыс | 245 | ||
| 1.5. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1 000 Вт-тан жоғары | астана және республикалық маңызы бар қала | 2 344 |
| облыс | 425 | ||
| 2. | Телевизия/ жиіліктердің дециметрлік диапазоны | ||
| 2.1. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін | астана және республикалық маңызы бар қала | 51 |
| облыс | 9 | ||
| 2.2. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін | астана және республикалық маңызы бар қала | 228 |
| облыс | 41 | ||
| 2.3. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін | астана және республикалық маңызы бар қала | 605 |
| облыс | 110 | ||
| 2.4. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1 000 Вт-ты қоса алғанға дейін | астана және республикалық маңызы бар қала | 855 |
| облыс | 155 | ||
| 2.5. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1 000 Вт-тан жоғары | астана және республикалық маңызы бар қала | 1 481 |
| облыс | 269 |
4. Алты айды қоса алғанға дейінгі мерзімде тәжірибелік пайдалануды, жарыстарды, көрмелер мен өзге де іс-шараларды өткізу кезеңіне радиожиілік спектрін пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыстың түріне, радиожиілік спектрін пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны іс жүзінде пайдалану мерзіміне сәйкес келетін мөлшерде, бірақ жылдық төлемақы мөлшерлемесінің кемінде 1/12 мөлшерінде белгіленеді.
Ені осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілгеннен ерекшеленетін дуплексті (симплексті) арнаның белдеуін пайдалана отырып технологиялар қолданылған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеуші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген дуплексті (симплексті) арна белдеуінің еніне іс жүзінде қолданатын дуплексті (симплексті) арна белдеуі енінің үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады.
Кең белдеулі сигнал технологиясы пайдаланылған кезде қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц болатын белдеу үшiн төлемақы алынады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 643-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация және оны тапсыру мерзімдері ҚР Салық кодексi 642-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі ҚР Салық кодексi 264-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар ҚР Салық кодексi 647-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу ҚР Салық кодексi 641-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімдеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей