Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 682 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2026

ҚР Салық кодексi
682-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістері мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады: 

1) осы тармақтың 2) – 9) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 679-бабында айқындалған кірістер – 20 пайыз; 

2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 пайыз; 

3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 пайыз; 

4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістер – 5 пайыз; 

5) осы тармақтың 6) – 7) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, құн өсімінен түсетін кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти – 15 пайыз; 

6) дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға капиталының кемінде жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаға төленетін дивидендтер: 

№  Салық салынатын кіріс сомасы  Мөлшерлемесі 
230 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін* (қоса алғанда)  5 пайыз  
230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары*  230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі кіріске салынатын салық сомасы* + одан асатын сомадан 15 пайыз 

 

*осы баптың 6) және 8) тармақшаларын қолдану мақсатында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады. 

7) кредиттер (қарыздар), борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар – 10 пайыз; 

8) осы Кодекстің 693-бабының 3-тармағында көрсетілген кірістер: 

№  Салық салынатын кіріс сомасы  Мөлшерлемесі  
8 500 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін* (қоса алғанда)  10 пайыз  
8 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары*  салық салынатын кірістен алынатын салық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінде* + одан асатын сомадан 15 пайыз 

 

9) құмар ойындағы ұтыстар және (немесе) бәс тігу түріндегі кірістер – 10 пайыз. 

Салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен халықаралық шартта белгіленген мөлшерлемелерді қолдануға құқылы. 

2. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақтың бірінші бөлігі 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

3. Осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер, сондай-ақ осы Кодекстің 17-бабында аталған заңды тұлғалардан алынған дивидендтер 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады. 

Осы баптың ережесі Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылмайды. 

72-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРУҒА АЛЫП КЕЛМЕЙТІН БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

Статья 1 ...680 681 682 683 684 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если клиент оставил свои вещи и съехал, сколько хранить его вещи


Таким образом, выходит, что в П.5. речь не идёт о СОБСТВЕННИКАХ КВАРТИР…

Это элементарная невнимательность/безграмотность или данную формулировку можно трактовать БУКВАЛЬНО…???


Мне сейчас уже 54 года и у меня ещё ни разу не было отношений, ни разу !!!!

Ни как не получается познакомиться с женщиной, мне недавно предложили (СНЯТЬ) проститутку, но после того как я её повёл на квартиру произошла полицейская ОБЛАВА и нас с ней задержали сотрудники полиции и начали обвинять в СВОДНИЧЕСТВЕ, грозят при этом внушительным сроком, я тогда пытался объяснить этим БАЛБЕСАМ что мол у меня ни разу не было ЖЕНЩИНЫ, а они только смеются и говорят что мол это твои проблемы, как быть ???


у меня был евразийский. ходили в офис и писали на возврат. они были в шоке, обычно никто не просит, обычно возвращают если умер владелец, но вы же живы менеджер говорит , показала пункт в договоре они ходили долго совещались, походу сами не читали его никогда. писали заявление в 2-х экземплярах, один забрали с отметкой что они приняли и указали пункт в договоре страхования о том что имеем право запросить разницу при условии досрочного гашения авто кредита, и то оказывается мы должны были за месяц предупредить что хоти досрочно закрыть кредит. справку взяли в банка что не должны им. так что прочитайте договор страхования.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться