Ст. 686-2 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
686-2-бап. Қолдану тәртібі
1. Осы Кодекстің 683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден бөлек:
1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) қызметін өзіндік кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын;
3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотография саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
ойын-сауық және спорттық мүкәммалды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);
бейнежазбалар мен дискілерді прокаттауды;
өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
есептеуіш техниканы қоса алғанда, офис машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
мәдениет саласында көрсетілетін білім беру қызметтерін;
өзге де білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
қосалқы білім беру қызметтерін;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараз қызметтерін;
маникюрді және педикюрді;
ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
музыкалық аспаптар жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды;
пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізуді жүзеге асыратын;
4) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
2. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі таңдалған күн арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану басталған күн деп есептеледі.
3. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні режимнің аяқталған күні болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес интернет-платформаларды пайдалана отырып, көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірістері бойынша дара кәсіпкерлер арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданады.
Бұл ретте мұндай дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген кірістер бойынша осы Кодекске сәйкес өзге де арнаулы салық режимдерін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануға құқылы.
Ескерту. 686-2-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 20.03.2023 № 213-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 105-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей