Ст. 694 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
694-бап. Салық салынатын кірісті азайту
1. Салық төлеушінің салық салынатын кірісті мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшеріне және мүгедектігі бар адамдар жалақысынан және басқа да төлемдерден есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызына азайтуға құқығы бар. 2. Заңды тұлғаның салық салынатын кірісті мынадай шығыс түрлеріне:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған мүліктің құнын;
2) егер осы тармақтың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістерді бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан аспайтынын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрауы талаптары орындалған кезде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акцияларға немесе қатысу үлестеріне иелік ету мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, акцияларды немесе қатысу үлестерін бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтығымен айқындалады.
Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
3) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістерге азайтуға құқығы бар.
3. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті осы параграфқа сәйкес салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылуға тиіс жұмыскердің кірістері бойынша жұмыс берушінің есепті салықтық кезеңде есепке жазылған шығыстарының 1 еселенген мөлшеріне азайтуға құқығы бар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азайтуды салық төлеуші, егер осындай салық төлеуші жұмыскерлерінiң есепті салықтық кезең үшін орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда жүргізуге құқылы.
Ескерту. 694-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей