Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 693 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
693-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі

1. Осы бапта белгіленген салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне, оған қоса осы Кодекстің 372-бабында айқындалған: 

жұмыс беруші болып табылатын осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен; 

осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен; 

жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған, материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған (алынуға жататын) кірістерге; 

Қазақстан Республикасында тұруға байланысты осындай бейрезидент-заңды тұлға төлейтін үстемеақыларға қолданылады. 

Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға деп резидент-банктерде ағымдағы шот ашуына байланысты және (немесе) осы Кодекстің 687-бабына сәйкес міндеттемелердің туындауына байланысты Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға да танылады. 

Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 692-бабының 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде: 

1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері және (немесе) мердігері (қосалқы мердігері) не аталған бейрезидент-заңды тұлға мердігерінің (қосалқы мердігерінің) жұмыскері болып табылса; 

2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 222-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болады деп танылса, Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның осы бапта көрсетілген кірістеріне қолданылады. 

Бұл ретте, егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 222-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылмаса, онда жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістер осы Кодекстің 682-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірісінен төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидент-заңды тұлға пайдасына жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті деп танылады. 

3. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді осы тармаққа сәйкес бейрезидент ұсынған құжатта көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірісінен осы Кодекстің 682-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген мөлшерлеме бойынша салықтық шегерімдерді жүзеге асырмай жүргізеді. Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға салық агентіне: 

Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ адаммен жасасқан жеке еңбек шартының (келісімшартының) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың нотариат куәландырған көшірмелерін; 

осындай бейрезидентпен жасасқан еңбек шартының және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың шеңберінде жалдау бойынша жеке тұлғаның жұмыстан алынатын кірістері туралы мәліметті қамтитын өзге де құжатты ұсынуға міндетті. 

Салық агентіне осы тармақта көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда бейрезидент-заңды тұлғаға орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін төленуге жататын кіріс сомасының 80 пайызы мөлшеріндегі кірісі төлем көзінен жеке табыс салығын салуға жатады, бұл барлық шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тең үлестермен бөлінеді. 

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген кіріс: 

осы тармақта айқындалған құжаттарда, олар ұсынылған жағдайда, көрсетілген кіріс сомасына; 

жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кіріс сомасына, егер осындай кіріс шарттың (келісімшарттың, келісімнің) талаптарында көзделген болса, азайтылуға жатады. 

4. Салық агентi кіріс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидент-заңды тұлғаға кіріс төлеу күнінен кешіктірмей төлем көзiнен жеке табыс салығын есептейді және ұстап қалады. 

5. Бюджетке шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірістерінен жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің тұрған жері бойынша осы баптың 4-тармағына сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді. 

6. Кірісті шетел валютасында төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кіріс төленетін күнге белгіленген валютаның ресми бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.

Статья 1 ...691 692 693 694 695 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться