Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 696-3 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
696-3-бап. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібі

1. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы: 

1) салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды; 

2) күнтізбелік жылдағы кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;  

3) осы режимді қолдану мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес. 

3. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.  

4. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезең ішінде салық салу объектісіне мынадай мөлшердегі мөлшерлемені өз бетінше қолдану арқылы жүргізеді:  

егер осы тармақтың үшінші абзацында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша – 4 %; 

корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша осы Кодекстің 242-бабы 3-2-тармағының нормаларын қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8 %. 

5. Жергілікті өкілді органдардың осы баптың 4-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар.  

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара азайтуға тыйым салынады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармағы үшінші абзацының қолданысы 01.01.2024 бастап 31.03.2024 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 31 наурызынан кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

6. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы баптың 4-тармағының ережелеріне сәйкес қолданылатын мөлшерлемелер бойынша салық салынатын кірістер бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге тиіс. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) салықтық кезеңде жиынтығында жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен: 

заңды тұлға – осы Кодекстің 225 – 240-баптарына сәйкес; 

дара кәсіпкер – осы Кодекстің 226 – 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 225-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жиынтық жылдық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас айқындалатын кіріс салық салу объектісі болып табылады. 

Бұл ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу кезінде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осындай салық төлеуші-жұмыс берушінің жұмыскерлерінің кірістері бойынша оның шығыстарының сомасына азайтылуға жатады.

Статья 1 ...695 696 696‑3 696‑4 697 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться