Ст. 699 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
699-бап. Бейрезиденттің төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен қайтарып алуға өтініш беру тәртібі
1. Халықаралық шарттың ережелерін қолданған кезде бейрезиденттің осы бапта және осы Кодекстің 700 және 701-баптарында айқындалған тәртіппен табыс салығын қайтарып алуға мынадай:
1) салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалған және бюджетке аударған;
2) бейрезидент халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерінен табыс салығын есептеген және төлеген;
3) бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінен осы Кодекстің ережелеріне сәйкес табыс салығын бюджетке төлеген жағдайларда құқығы бар.
Бұл ретте бейрезидент төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға осы баптың 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, салықтық өтінішті (бұдан әрі осы баптың және осы Кодекстің 700 және 701-баптарының мақсатында – өтініш) салық органына ұсынуға міндетті.
2. Өтінішті бейрезидент уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салық агенті тұрған (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына екі данада ұсынады.
Өтінішті салық органына ұсыну күні салық органының өтінішті алған күні болып табылады.
3. Өтінішке мынадай құжаттар:
1) жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелері;
2) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат;
3) алынған кірістер мен ұсталған, төленген салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік немесе өзге де құжаттардың көшірмелері;
4) қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа да персоналдар арқылы жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда – осындай жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) өтінішті заңды тұлға берген жағдайда қосымша:
құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері не
құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент-заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлері көрсетіле отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан үзінді көшірмелер қоса берілуге тиіс.
Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда осындай бейрезидент салық агентіне:
бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін осындай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған құжатты (актіні);
не қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлері көрсетілген өзге де құжатты ұсынады.
Өтінішті жеке тұлға ұсынған жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.
Өтініш осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған жағдайда осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
4. Бейрезидент депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған кірістерден табыс салығын қайтарып алуға өтінішті ұсынған кезде өтінішке мынадай құжаттарды:
1) мыналарды:
бейрезиденттің атауын немесе тегін, атын және әкесінің атын;
депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
бейрезиденттің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін немесе оның баламасын (ол болған кезде), бейрезиденттің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын орталық депозитарийден алынған шоттан үзінді көшірмені;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімін;
3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан үзінді көшірмелерді;
4) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты қоса береді.
5. Бейрезидент құн өсімінен алынған кірістерден табыс салығын қайтаруға өтініш берген кезде өтінішке мыналардың:
1) осы баптың 3-тармағының 1) – 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген;
2) сатып алу және өткізу бағасын көрсете отырып, акцияларды, қатысу үлестерін және өзге де мүлікті сатып алу-сатуды растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
6. Егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, бейрезидент олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасын қоса беруге міндетті.
7. Бейрезидент жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен кірістерден ұсталған табыс салығын қайтаруға өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету аяқталған соң ұсынады.
Бейрезидент ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша салық органына өтінішті жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір кезеңінің аяқталуына қарай ұсынуға құқылы.
Осы бөлімнің мақсатында ұзақ мерзімді келісімшарт оның жасалған күнінен бастап он екі айлық кезең ішінде аяқталмаған, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт (шарт) болып табылады.
8. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент өтінішті салық органына талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
9. Салық органы мынадай жағдайларда:
1) бейрезидент өтінішті осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін бергенде, өтінішті қараудан бас тартады.
Бұл ретте бейрезидент өтінішті қайта беруге құқылы емес;
2) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 702-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) бейрезидент осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында айқындалған құжаттарды ұсынбағанда;
4) бейрезидент осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтамағанда;
5) бұрын қаралған (тексерілген) кезең үшін, қорытындысы бойынша салық органы мынадай негіздердің бірі:
осы Кодекстің 226-бабына сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі (қызметінің тұрақты орны) деп тану;
өз қаражаты есебінен салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалуы және бюджетке аударуы бойынша бюджеттен табыс салығын қайтарып алудан бас тарту туралы шешім шығарған өтініш қайта ұсынылған кезде;
6) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталмағанда, өтінішті қараудан бас тартады.
Бұл ретте салық органының өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімі бейрезидентке қолын қойғызып табыс етіледі немесе бас тарту себептері көрсетіле отырып, салық органы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінішті және ұсынылған құжаттарды қоса бере отырып, хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Салық органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, бейрезидент, егер ол жол берілген бұзушылықтарды жоятын болса, осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайта өтініш беруге құқылы.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей