Ст. 72 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау
1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, жанама әдіспен де айқындау жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін уәкілетті органдар мен үшінші тұлғалардың деректері бойынша жеке тұлғаға қатысты салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында қолданылады. 2. Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органдар мен үшінші тұлғалардың деректері осы Кодекстің 48-бабында белгіленген салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.
3. Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мынадай:
1) шет мемлекеттегі, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабына 3-тармағына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын шет мемлекеттегі мүлік туралы;
2) дебитор және (немесе) кредитор болып табылатын жеке немесе заңды тұлға шет мемлекетте, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабының сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын шет мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген жағдайда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы мәліметтер шет мемлекеттің құзыретті органы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берген растау құжаттары болғанда ғана жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.
4. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, жанама әдіспен де айқындау мақсатында салық органдары уәкілетті органдардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, үшінші тұлғалардан, шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан және басқа да ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдаланады.
5. Осы баптың күші дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты олардың осындай қызметті жүзеге асыруынан түскен кірістерді айқындау бөлігінде қолданылмайды.
6. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген кірістері оның шығыстарына, оның ішінде мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары жеке тұлғаларға салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың мынадай жанама әдіс түрлерін қолдануға құқылы:
1) активтердің құн өсімі әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс осы тармақшада көрсетілген мүліктің белгілі бір кезеңдегі өсім құнын салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;
2) шығындарды есепке алу әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс жеке тұлғаның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстарын салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;
3) банктік шоттардағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісі салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде жеке тұлғада екінші деңгейдегі банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс екінші деңгейдегі банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін салық декларацияларында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.
7. Салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде салық органдары қажет болған жағдайда осы бапта айқындалған әдістер жиынтығын пайдалануы мүмкін.
8. Осы бапта айқындалған әдістер қолданылған кезде салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі.
9. Осы бапта көрсетілген әдістермен жеке тұлғаның кірістерін айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков
В данном законе в статье 26 указано, что действие статей 18-24 настоящего Закона распространяется на жертв политических репрессий, реабилитированных до вступления настоящего Закона в силу, то есть в связи с принятием данного закона, они распространяются на реабилитированных до и после принятия закона.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей