Ст. 703 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
703-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған, төленген салықтардың сомалары туралы анықтама
1. Бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған, төленген салықтардың сомасы туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – анықтама), егер осындай салық Қазақстан Республикасының бюджетіне, оның ішінде халықаралық шарт негізінде төлеуге жататын болса және осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса, салық органынан алуға құқылы.
Салық органынан анықтаманы салық агенті де осындай салық агенті бейрезидентке есептеген және (немесе) төлеген кірістердің және осындай кірістен ұсталған (төленген) салықтардың сомасы бойынша алуға құқылы. Бұл ретте осы Кодекстің 38-бабына сәйкес сенімхаттың болуы талап етілмейді.
2. Анықтама алу үшін бейрезидент (салық агенті) салықтық өтінішті мынадай салық органына:
1) Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның кірістері бойынша – салық агентінің тұрған жеріндегі;
2) бейрезиденттің тұрақты мекемесі – осындай тұрақты мекеме тұрған жердегі;
3) Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістерден салықты дербес төлейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасындағы келген (тұрғылықты) жері бойынша;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілмеген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірістері бойынша – салық агентінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынуға міндетті.
3. Мыналар:
бейрезиденттің (салық агентінің) салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салықтық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған;
салық төлеу болмаған;
салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салықтық өтініш берілген күні бейрезиденттің кірістерінен салықты аудару бойынша салықтық берешек болған кезде салық органы бейрезидентке (салық агентіне) анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.
4. Анықтама мынадай күндерден барынша кешірек:
салықтық өтініш берілген күннен;
бейрезиденттің есебіне жазылған және салық төлеуге жататын кірістерінің сомалары көрсетілген салықтық есептіліктің тиісті нысанын бейрезидент-салық төлеуші және (немесе) салық агенті ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей беріледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?
Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?
Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?
Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю
Как производится удержание алиментов с дохода ИП на упращенке?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей