Ст. 721 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
721-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелерді есептеу осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында және 722-1-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бейрезидент осы Кодекстің 651 – 653-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны салықтық міндеттеме туындаған күнге қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттемені орындаудан босатпайды.
4. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар үшін айқындалған тәртіппен осындай құқықтың шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары және бөлек есепке алуды жүргізу бойынша салықтық міндеттемелерді орындайды.
Ескерту. 721-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей