Ст. 722-1 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.01.2023
ҚР Салық кодексi
722-1-бап. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекстің 258-бабы 6-тармағының, 268-бабы 2-1-тармағының, 271-бабы 7-1-тармағының, 293-бабы 4-4-тармағының, 517-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының, 767-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің және 768-бабы екінші бөлігінің ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшартқа қол қойылған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қолданылады. 2. Салықтық міндеттемелерді орындау осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің күші жойылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша тиісті салықтар мен төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды осындай келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға немесе тараптардың келісімі бойынша оған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін, тиісті келісімшартқа қол қойылған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалғастырады.
3. Күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тоқтатылған жағдайда (оның ішінде мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда), тиісті келісімшартта белгіленген салдарлар қолданылады. Бұл ретте мұндай келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша берілген босатулар, жеңілдіктер немесе өзге де алып қоюлар салдарынан бюджетке төленбеген салықтар, төлемдер сомаларын төлемейді. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тоқтатылғаннан кейін (оның ішінде мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда) салықтық міндеттемелерді орындау осындай келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейінгі салықтық кезеңнен бастап салықтық міндеттеме туындаған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 258-бабы 2-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының және 6-тармағының, 268-бабы 2-1-тармағының, 271-бабы 7-1-тармағының, 293-бабы 4-4-тармағының және 517-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының, 767-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің және 768-бабы екінші бөлігінің ережелерін жер қойнауын пайдаланушы – күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап, ал 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес жаңа редакцияда жазуды көздейтін осындай келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспорты басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма жыл өткенге дейін қолданады.
Ескерту. 722-1-баппен толықтырылды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы

город Астана, работаем по Казахстану и СНГ
Комментариев: 15
За последние 30 дней

г. Караганда
За последние 30 дней

За последние 30 дней

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Алматы +77279715251
За последние 30 дней
Новые комментарии на сайте
Гость
27.01.23 14:50:04
Здравствуйте! При расторжении брака в 2004 году оставила Фамилию мужа. Могу ли я сейчас поменять её на девичью? Так как дети выросли и носят другие фамилии.
alexajames
24.01.23 14:56:41
just in case you have forgotten and that is the only way I see to out
Ернур Кайратбекулы
24.01.23 10:11:19
для консультации писать на whatsApp
Асылбек Тлепов 87082207192
23.01.23 14:33:46
Не можете. Смотрите. ПП.9 п 3 ст 16 закона о госслужбе
Гость
23.01.23 12:50:36
Здраствуйте можно ли поступить на госслужбу если имеется статья 68 часть 1
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей