Ст. 75-1 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
75-1-бап. Салық төлеушінің паспорты
1. Салық төлеушінің паспортын қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады. 2. Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сәйкестендіру нөмірі;
2) дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
3) дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
5) тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
6) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
7) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
3. Салық төлеуші паспортының мәліметтерін салық органы айына бір рет есепті айдан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде қалыптастырады және ол уәкілетті органның сайтында жариялануға жатады.
Ескерту. 75-1-баппен толықтырылды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей