Ст. 73 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен тәртiбi
1. Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап осы Заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4) - 9) тармақшаларында көзделген салдарлар басталады.
Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап банктің бұрын жұмыс істеп келген органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы қызметкерлері, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.
1-1. Алып тасталды - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар, осы Заңның 48-1 бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi.
3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi.
4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
4-1. Аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкер бір адам болатындықтан, өзара талаптарды есепке алуға жол беріледі.
Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісінше кезегі келген кезде ғана өзара талаптарды есепке алу жүргізіледі.
Таратылатын банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуды жүргізуге тыйым салынады.
5. Таратылатын банктің мүлкін өткізуді банкті тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
6. Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
6-1. Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сот уәкiлеттi органмен банктің тарату комиссиясының қызметіне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.
7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн Корпорацияға және уәкiлеттi органға жiбередi.
Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды – Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
8. Тарату комиссиясы банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде банк қызметінің тоқтатылуының тіркелгені туралы бұйрықтың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.
Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.07.16 № 436, 2001.03.02 № 162, 2003.07.10 № 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23. № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей