Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
7-1-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы
уәкiлеттi органның құзыретi
Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметiн басқару;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
3) техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
4) мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң нысандарын әзiрлеу және бекiту;
5) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу;
6) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiне түсетiн, бланк өнiмiн өткiзу қызметiн көрсету төлемiнiң төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүзеге асырылатын, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердiң бланкiлерiн техникалық байқау операторларына беру;
8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.
Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей