Ст. 29 ҚР биологиялық қауіпсіздігі туралы 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы
29-бап. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық әлеует пен ресурстарды мемлекеттік қолдау
1. Мыналар биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетті мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары болып табылады: 1) биологиялық қатерлердің алдын алуды және биологиялық тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған отандық ғылыми зерттеулерді қолдау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иммундық-биологиялық, дәрілік және диагностикалық препараттардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау, өсімдіктерді қорғау және жеке қорғану құралдарының, зертханалық жабдықтардың өндірісін дамытуды қолдау;
3) практикада қолдану үшін биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің трансфертін қамтамасыз ету.
2. Ғылыми-кадрлық әлеуетті сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдау тұрақтылық пен үздіксіздік ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстық рәсімдерден тыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қаржыландырудың өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей