Ст. 51 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
51-бап. Әке (ана) болуды даулау
1. Туу туралы актілер жазбалары кiтабына ата-аналардың жазуы баланың әкесi немесе анасы ретiнде жазылған адамның, iс жүзiнде баланың әкесi немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толған соң оның өзiнiң, баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының, сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуi бойынша тек қана сот тәртiбiмен даулануы мүмкiн. 2. Баланың әкесінің өтініші бойынша немесе әке болудың күшін жою туралы сот шешіміне сәйкес әке мен ананың бірлескен өтініші негiзiнде баланың әкесi болып жазылған адамның талабы, егер жазу кезiнде бұл адамға өзінің іс жүзінде баланың әкесi емес екендiгi белгілі болса, қанағаттандырылмауға тиіс.
Егер баланың тууы туралы акті жазбасында баланың анасының жұбайы немесе бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып көрсетілсе, сот туу туралы актілер жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы мәселені шешкенге дейін тіркеуші орган әке болуды анықтау туралы өзгерістер енгізуден жазбаша түрде бас тартуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жазбаша түрде келiсiм берген адамдардың әке (ана) болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
Басқа әйелге эмбрионды ауыстырып салуға келiсiм берген адамдардың, сондай-ақ суррогат ананың ана және әке болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Читать еще раз
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 99-бап. Бала асырап алушыларды асырауға алынған баланың ата-аналары ретінде жазу ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 63-бап. Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 49-бап. Соттың әке болуды тану фактісін анықтауы ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 30-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 83-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей