Ст. 64 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
64-бап. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту
1. Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi. Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді.
2. Неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегін сақтайды.
3. Егер ата-анасы некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуге қарамастан бөлек тұрса не балаға қатысты әке болу анықталса және бала өзімен бірге тұрып жатқан ата-ана оған өзінің тегін бергісі келсе немесе ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, баланың тегін әкесінің немесе әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасының аты бойынша өзгерткісі келсе, тіркеуші орган баланың мүдделеріне қарай және екінші ата-ананың нотариатта ресімделген пікірін ескере отырып, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізеді. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.
4. Алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдардан туса және әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кезде болған тегiне өзгертуге рұқсат етеді.
6. Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкілдердің қатысуымен алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертіледі.
Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Ескертпе!
ҚР Конституциялық Соты 65-баптың конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
Лучшие юристы





Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей