Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 66 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
66-бап. Баланың мүліктік құқықтары

1. Баланың өзi ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерiнен осы Кодекстің 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде күтіп-бағу қаражатын алуға құқығы бар. 

2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшыларын қоспағанда, балаға алимент, жәрдемақы ретінде тиесілі сомалар баланың ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің билік етуіне түседі және олар осы сомаларды баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсайды. 

2-1. Балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді нысаналы пайдалану және оларға өндіріп алуды қолдану мүмкіндігін болғызбау үшін Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен алименттерді есепке жатқызу үшін банктік шот ашылады. 

3. Баланың өзі алған табыстарға, өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлiкке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар. 

Өз еңбегiнен табыс алатын бала, егер ол ата-аналарымен бiрге тұрса, отбасын күтіп-бағу жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы. 

Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады. 

Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты жүзеге асыру кезiнде оларға осы Кодекстің 128-бабында белгiленген қағидалар қолданылады. 

4. Бірге тұратын бала мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады. 

5. Ата-аналар мен баланың ортақ меншiк құқығы туындаған жағдайда олардың ортақ мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен айқындалады. 

Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...64 65 66 67 67‑1 ...283

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.


госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,

татешка, кум, кума и т.д.т.п.


Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.


в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться