Ст. 4 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387
Төтенше жағдай туралы
4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi
1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi және оларды оқшаулау мен жою үшін негізгі, қосымша шаралар мен уақытша шектеулер енгізу қажет. 2. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда:
1) шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билiктi күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттерден; жаппай тәртiпсiздiктерден, ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жергілікті жерлердi, аса маңызды және стратегиялық объектiлердi қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдарды дайындаудан және олардың әрекетінен; қарулы бүліктен; диверсиядан; қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан жасалатын арандатушылық iс-әрекеттерден туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар;
2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.
Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгiзуге негiз болуы мүмкiн.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Төтенше жағдайды енгiзу тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы немесе оның жекелеген жерлерiндегi төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен және Парламентi палаталарының төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi жарлығымен енгiзедi, бұл туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.
2. Төтенше жағдай қалыптасқан жағдайды өзге шаралар қолданумен реттеу мүмкiн болмаған жағдайда енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресми баспа басылымдарында дереу жариялануға тиiс және барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткiзiледi.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi.
Лучшие юристы





Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
Читать еще раз
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаттары Мемлекеттiк мүлiк туралы 3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы 4-бап. Уәкілетті органРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей