Ст. 11 Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы
11-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау тәртібі
1. Дактилоскопиялық тіркеуді:
1) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында аталған адамдарға қатысты – ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресімдеген жағдайда – сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
3) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 2) – 4) тармақшаларында аталған адамдарға қатысты – ішкі істер органдары;
4) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – өз құзыретіне сәйкес ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары;
5) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – өз құзыретіне сәйкес сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ішкі істер органдары жүргізеді.
2. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балаларға қатысты дактилоскопиялық тіркеу олардың келісімімен баланың заңды өкілінің қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
3. Сот әрекетке қабілетсіз деп анықтаған Қазақстан Республикасының азаматын, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды дактилоскопиялық тіркеу оның қорғаншысының қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
4. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Читать еще раз
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы 25-бап. Геномдық ақпаратты алу Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы 10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы 31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құзыреті Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей