Ст. 20 Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы
20-бап. Биологиялық материалды іріктеу кезінде алынатын мәліметтер
1. Геномдық тіркеу үшін биологиялық материалды іріктеу кезінде жазаны орындайтын мекеменің немесе органның қызметкері әрбір сотталған адамға ақпараттық карта ашады, оған мынадай мәліметтер: 1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), азаматтығы, жынысы, туған күні және жері, тұрғылықты жері немесе болатын жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде) немесе тіркелетін адам туралы деректер алынған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;
2) геномдық тіркеу үшін биологиялық материалды іріктеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бөлімшесінің атауы;
3) геномдық тіркеу үшін биологиялық материалды іріктеуді жүргізу күні және негізі;
4) адам сотталған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы;
5) биологиялық материалды іріктеуді жүзеге асырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы және қолтаңбасы;
6) кәмелетке толмаған адамды қоспағанда, геномдық тіркеу үшін биологиялық материалын іріктеу жүргізілген адамның қолтаңбасы енгізіледі. Тіркелетін адам ақпараттық картаға қол қоюдан бас тартқан кезде картада бұл туралы жазба жасалады;
7) кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қолтаңбалары енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңында белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарынан геномдық тіркеу үшін биологиялық материалды іріктеу кезінде анықтау, тергеу органдары ақпараттық картаға осы баптың 1-тармағының 1) – 3), 5) – 7) тармақшаларында көзделген мәліметтерді, сондай-ақ сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның қорғаншысының қолтаңбасын енгізеді. Ақпараттық картаға процестік әрекет хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңында белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында биологиялық материалы алынған анықталмаған адамдарды геномдық тіркеу үшін биологиялық материалды іріктеу кезінде анықтау, тергеу органдары ақпараттық картаға мынадай мәліметтерді енгізеді:
1) геномдық тіркеу үшін биологиялық материалды іріктеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бөлімшесінің атауы;
2) биологиялық материалдар алуды жүргізу күні және негізі, қылмыстық істің нөмірі немесе ақпаратты есепке алу кітабындағы тіркеу нөмірі;
3) әрекеттің саралануы, қылмыс жасалған күн және орын;
4) лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолтаңбасы.
Ақпараттық картаға процестік әрекет хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.
4. Танылмаған мәйіттерді геномдық тіркеу үшін биологиялық материалды іріктеу кезінде ақпараттық карталарға осы баптың 3-тармағында көзделген мәліметтер, сондай-ақ танылмаған мәйіт табылған күн және орын, жынысы, ерекше белгілері және қайтыс болу себебін көрсету (ол болған кезде) енгізіледі. Ақпараттық картаға процестік әрекет хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей