Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар

1. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiн материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету өткеретін қызметiнiң күрделілігі, онымен байланысты тәуекел, сондай-ақ шет мемлекеттiң өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып ұсынылады. 

Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiн қандай да бір залалға алып келмеуге тиiс. Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiне қатысты көмек көрсету және қорғауды ұйымдастыру жөніндегі мiндеттердi шет елдегi мекеменiң басшысы орындайды.  

Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында ауырған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақы мөлшері "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгеннен төмен болмайды. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың бесінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасында бала туылған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар. 

Шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері ауырған, қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар. 

2. Шет елдегі мекемеге жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) аталған тағайындау туралы шешім қабылданған кезде мемлекеттік қызметте мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін оның мемлекеттік қызметте бұрын атқарған мемлекеттік лауазымы дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі мекемеде жұмыс істеу кезеңінде сақтала отырып, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесі ретінде жұбайының (зайыбының) шет елге шығу кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі. 

3. Дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз ету ұсынылады. 

4. Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берілуіне байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар. 

Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің, сондай-ақ оның жұбайының (зайыбының) дипломатиялық қызмет персоналы отбасы мүшелерінің немесе жұбайының (зайыбының) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуына байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар. 

5. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң саны, лауазымдық жағдайы, жергiлiктi жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын нормативтер ескерiле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.  

6. Шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленеді. 

7. Шет елдердегi мекемелерде бос әкiмшiлiк-техникалық лауазымдар болған кезде дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегi бірге жүретін отбасы мүшелерiне уақытша жұмысқа орналасу құқығы берiлуi мүмкiн. 

8. Қарулы немесе азаматтық қақтығыстар жағдайында не шет елдердегi мекемелер мен олардың персоналының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайларда, сондай-ақ шет елдердегi мекемелер орналасқан жерлерде төтенше жағдай болған жағдайларда Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бiрге жүретін отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды қорғауды ұйымдастыру үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.  

Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiне не оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында ол өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау не олармен байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өтеледi. 

9. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан не шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде алған жарақаты салдарынан бiр жыл ішінде қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң жұбайына (зайыбына) немесе "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетiн алпыс айлық қамтым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi. 

10. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне, ақылға қонымды мерзім ішінде, бірақ дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде осы бапта көзделген кепілдіктер мен өтемақылар сақталады. 

11. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқығы бар. 

12. Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiне шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде ауруы, мертiгуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектiк белгiленген кезде оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін: 

1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық қамтым; 

2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық қамтым; 

3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға алты айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. 

13. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке алып келмеген ауыр мертiккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетiн – үш айлық қамтым мөлшерiнде, жеңiл мертiгу жағдайында бiр айлық қамтым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi. 

14. Егер дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтiк мiндеттерiн орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, осы баптың 9, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген сома төленбейдi.  

Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
26-бап Жерлеу шығыстарын өтеу 

1. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерін немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерін жерлеуге оның отбасы мүшесіне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді. 

Дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) бірге жүретін отбасы мүшесін жерлеуге дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді. 

2. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің не дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесінің мәйітін Қазақстан Республикасына оның тұрақты тұрған жеріне немесе қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасы мүшелерімен не дипломатиялық қызмет қызметкерімен немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерімен келісу бойынша кез келген басқа жерге жеткізу және онымен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...24 24‑1 25 26 27 ...33

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.

Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.


Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться