Ст. 32 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
32-бап. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға көмек көрсету және олардың зардаптарын жою
1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы, көлік және коммуникация саласындағы органдармен, уәкілетті органмен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету тәртібін айқындайды. 2. Жол-көлік оқиғалары кезінде жедел ден қою және зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету:
1) жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға алғашқы және келесі сағаттарда көмек көрсету жүйесін әзірлеу және бекіту негізінде қамтамасыз етіледі. Жүйенің міндетті элементтері:
шұғыл шақыру жүйесін енгізу;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту қағидаларына сәйкес адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды даярлау шеңберінде оқыту;
жол-көлік оқиғаларының төтенше жағдайлары туралы хабарлау, сондай-ақ уәкілетті органдардың тиісті бөлімшелеріне ақпаратты жедел және бір-ақ рет беру үшін бірыңғай жалпыұлттық телефон нөмірін енгізу;
тиісті уәкілетті органдар лауазымды адамдарының ақпарат алу, оқиға орнына шығу және келу, зардап шеккендерге білікті көмек көрсетудің басталу уақыттарын тіркеу;
зардап шеккендерді көлік құралынан және басқа да обьектілерден жедел шығарып алуды қамтамасыз ету;
жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
төтенше жағдайлардың салдарын жою;
тиісті уәкілетті органдармен жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға көмек көрсету бойынша бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізу болып табылады;
2) алғашқы көмек көрсету және көрсетілетін алғашқы көмектің сапасын бағалау жүйесін әзірлеу және бекіту;
3) дене жарақаттарын, сондай-ақ психологиялық жарақаттарды барынша азайту мақсатында жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерді және жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың туыстарын ерте кезеңде оңалтуды және қолдауды қамтамасыз ету;
4) жол-көлік оқиғаларына ұшырағандарды оңалту үшін:
үшінші тұлғалар алдында міндетті жауапкершілікті белгілеу;
көлік құралдары иелерінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды халықаралық өзара тану арқылы жол жүрісіне қатысушылардың сақтандыру жүйесін құру;
5) кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту және зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсету мақсатында жол-көлік оқиғаларының мұқият тексерілуін қамтамасыз ету;
6) жол-көлік оқиғаларына байланысты себептер мен зардаптарды жою жөніндегі шараларды жетілдіру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді көтермелеу негізінде қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 23-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама Налоговый Кодекс РК Статья 24-1. Обязанность платежных организаций по предоставлению информации в уполномоченный орган ҚР Экологиялық кодексi 68-бап. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш Жол жүрiсi туралы 52-бап. Көлік құралын тоқтату негіздері мен тәртібі ҚР Экологиялық кодексi 86-бап. Экологиялық сараптаманың қағидаттарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей