Ст. 38 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
38-бап. Жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындайтын субьектілерге қойылатын талаптар
1. Жолдардың жүру бөлігіндегі жол және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары уәкілетті орган мен автомобиль жолдарын басқарушыға хабарлама берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс. Жол және басқа да жұмыстардың, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарламаны жұмыстарды жүргізуші жұмыстар жүргізілетін учаске, жұмыстардың мерзімдері және байланыс деректері (мекенжай мен телефон) туралы ақпаратты көрсете отырып жібереді.
Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде уәкілетті органға хабарлау талап етілмейді.
2. Жолдарда жұмыстардың жүргізілуіне жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар жол жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізілетін жерлерде қозғалыс қауіпсіздігін:
1) елді мекендерде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізілетін жерден кемінде елу метр және елді мекендерден тысқары жерлерде үш жүз метр қашықтықта жол жүрісіне қатысушыларды аталған жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы ескертетін ақпарат қалқандары мен қажетті жол белгілерін орнату;
2) елді мекендерде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймағында көлік құралдары қозғалысының ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығын сағатына отыз километрден аспайтын, елді мекендерден тысқары жерлерде сағатына алпыс километрден аспайтын етіп белгілеу арқылы қамтамасыз етуге міндетті. Ұзақ қашықтықтағы жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймақтарында жылдамдықты шектеу тиісті белгілерді орнату арқылы жүйелі мерзімділікпен қайталанып отыруы қажет;
3) көлік құралдарының жол жүрісі жүзеге асырылуы қажет жолақтарды тиісті және анық көрінетін тігінен және көлденеңінен жол таңбаларымен белгілеу;
4) уәкілетті органмен бірлесіп, жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймағында көлік құралдары қозғалысының шектеулі жылдамдығының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шараларды жүйелі жүргізу;
5) жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарымен және басқа да жұмыстармен айналысып жатқан адамдарды тәуліктің кез келген уақытында олардың алыс қашықтықтан көрінуін қамтамасыз ететін, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін сигналдық қорғаныш киіммен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жолдың бұру жолақтарының шекараларында:
1) жолдарды салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруға, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салуға байланысты емес жұмыстарды орындауға;
2) жолға күтім жасауға, оны салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға арналмаған және жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама обьектілеріне, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттеріне, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттеріне жатпайтын үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және басқа да объектілерді орналастыруға;
3) жолдың бұру жолағын күтіп-ұстау немесе жолды жөндеу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, жер учаскелерін жыртуға, шөп шабуға, ағаш кесуді жүзеге асыруға және орман екпелері мен өзге де көпжылдық екпелерді зақымдауға, шым қабатты және топырақты ойып алуға тыйым салынады.
Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей