Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 67 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

Жол жүрiсi туралы
67-бап. Көлік құралын мемлекеттік тіркеуге немесе көлік құралының тіркеу деректерін өзгертуге тыйым салу

1. Басқару органдары оң жақта орналасқан, жолдармен жүруге және олармен адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға арналған немесе М1 санатындағы көлік құралының шанағын ауыстыруға байланысты немесе соңғы тіркеу жүзеге асырылған мемлекетте тіркеу есебінен шығарылмаған көлік құралдарын бастапқы тіркеуге тыйым салынады. 

1-1. Шығарылғанына он жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салынады. 

1-2. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген ережелер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде айналымға шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарына қолданылмайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген көлік құралдарын бастапқы тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

2. Көлік құралын тіркеуге және тіркеу деректерін өзгертуге: 

1) жаңа көлік құралдары үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және осы Заңның  

61-бабының талаптарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі таныған сәйкестік сертификаттары болмаған; 

2) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) тіркеу құжаттары болмаған; 

4) көлік құралын жасаушы басып берген нөмірлік агрегаттардың таңбасын қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) жою салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін болмаған; 

5) осы Заңның 72-бабында көрсетілген, көлік құралының таңбаланған сәйкестендіру белгісі бар конструкциясының құрамдас бөлігі ауыстырылған; 

6) қолдан жасалған (жасанды) құжаттар ұсынылған; 

7) көлік құралы іздестіруде болған; 

8) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) М1 санатындағы көлік құралының шанағы ауыстырылған жағдайда тыйым салынады. 

Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.02.2021 № 1-VІІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...95

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться