Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 73 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Жол жүрiсi туралы
73-бап. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру

1. Қазақстан Республикасында көлік құралдарының оларды басқаруға арнайы құқық (бұдан әрі – көлік құралдарын басқару құқығы) берілетін мынадай санаттары мен оларға кіретін кіші санаттары белгіленеді: 

1) "А" санаты – мотоциклдер; 

2) "В" санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер; 

3) "С" санаты – "D" санатына жататындарды қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "С" санатындағы автомобильдер; 

4) "D" санаты – жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "D" санатындағы автомобильдер; 

5) "ВЕ" санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын және жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан асатын, тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер; 

6) "СЕ" санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, тіркеме тіркелген "С" санатындағы автомобильдер; 

7) "DЕ" санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, тіркеме тіркелген "D" санатындағы автомобильдер, сондай-ақ жалғастырылған автобустар; 

8) "Tm" санаты – трамвайлар; 

9) "Tb" санаты – троллейбустар; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 03.10.2024 № 130-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10) "А1" кіші санаты – ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі бір жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты он бір киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер, квадрициклдер және мопедтер; 

11) "В1" кіші санаты – трициклдер мен квадрициклдер; 

12) "С1" кіші санаты – "D" санатына жататындарды қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, бірақ жеті жүз елу килограмнан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "С1" кіші санатындағы автомобильдер; 

13) "D1" кіші санаты – жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын, бірақ он алтыдан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "D1" кіші санатындағы автомобильдер; 

14) "С1Е" кіші санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы  

жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген массасы он екі мың килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген "С1" кіші санатындағы автомобильдер; 

15) "D1Е" кіші санаты – рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі мың килограмнан аспайтын, жолаушыларды тасымалдауға арналмаған тіркеме тіркелген "D1" кіші санатындағы автомобильдер. 

1-1. Осы Заңның 57-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін адамдар жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен электр самокаттарды басқаруға жіберіледі. 

2. Көлік құралдарын басқару құқығы осы Заңның 74-бабында санамаланған шарттар сақталған кезде емтихан тапсырған адамдарға беріледі. 

Емтихандар механикалық немесе автоматты трансмиссиясы бар көлік құралдарында қабылданады. 

Механикалық трансмиссиясы бар көлік құралдарында емтихан тапсырған адамдарға трансмиссияның кез келген түрі бар тиісті санаттағы немесе кіші санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы беріледі. 

3. Емтихандар емтихан тапсырушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларына техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып өткізіледі. 

Емтихан өткізуге арналған техникалық бақылау құралдарының құрамын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды қолдану шарттарын уәкілетті орган белгілейді. 

4. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

5. Көлік құралдарын басқару құқығы – жүргізуші куәлігімен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікпен расталады. 

6. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес келетін ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері беріледі. 

7. Ұлттық жүргізуші куәлігі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше шектеу көзделмесе, он жыл мерзімге беріледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.10.2024 № 130-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. "А" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына ұлттық жүргізуші куәлігі – "А1" кіші санатындағы және мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар "В1" кіші санатындағы, "В" санаты – "В1" кіші санатындағы (мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар көлік құралдарынан басқа), "С" санаты – "С1" кіші санатындағы, "D" санаты – "D1" кіші санатындағы, "СЕ" санаты – "С1Е" кіші санатындағы, "DЕ" санаты – "D1Е" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын да растайды. 

9. Халықаралық жүргізуші куәлігі үш жылға дейінгі, бірақ ұлттық жүргізуші куәлігінің қолданылуы мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі. 

Қазақстан Республикасында берілген халықаралық жүргізуші куәлігі көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында басқару үшін жарамсыз болып табылады. 

10. Басқа мемлекеттерде беріліп, жоғалған (ұрланған) шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктерінің орнына ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерін беру жүргізілмейді. 

11. Ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерінің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. 

12. Егер жүргізуші куәлігінде көлік құралдарын басқаруға шектеулер көрсетілген жағдайда, осы жүргізуші куәлігі онда көрсетілген шектеулер сақталған жағдайда жарамды деп есептеледі. 

13. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, сондай-ақ уақытша болатын адамдарға ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде, ал мұндайлары болмаған кезде осы баптың 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында санамаланған шарттар мен шектеулер сақталған кезде жарамды халықаралық немесе шетелдік ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға рұқсат беріледі. 

14. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті немесе көлік құралдарын тікелей басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға байланысты өзге де еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға жол берілмейді. 

15. Шет мемлекетте берілген халықаралық жүргізуші куәлігі тиісті ұлттық жүргізуші куәлігімен бірге көрсетілетін жағдайда ол жарамды деп танылады. 

16. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады. 

17. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері олардың иелері көлік құралдарының тиісті санаттары мен кіші санаттары үшін осы Заңның 74-бабында көзделген жасқа толған кезде Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамды деп танылады. 

18. Көлік құралы халықаралық жол жүрісіне қатысқан жағдайларда осы баптың 14 және 17-тармақтарында көзделген ережелер қолданылмайды. 

19. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын олардың иесі тұруға ықтиярхат алған күннен алпыс күн өткен соң не Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын олардың иесі Қазақстан Республикасына келген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз деп танылады. 

20. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктеріне алмастыруға жатпайды. 

Ескертулер. 

1. "В", "С" санаттарындағы және "С1" кіші санатындағы көлік құралдарына жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын, тиісті санаттарға (кіші санаттарға) жатқызылатын көлік құралдарының өздігінен жүретін шассилері теңестіріледі. 

2. Осы бапта санамаланған көлік құралдарының және олардың өздігінен жүретін шассилерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады. 

Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2023 № 12-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...71‑1 72 73 74 75 ...95

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться