Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпаратқа қол жеткізу туралы
9-бап. Ақпарат иеленушінің құқықтары мен міндеттері

1. Ақпарат иеленушінің: 

1) құзыретіне сұратылатын ақпаратты беру кіретін тиісті ақпарат иеленушіге сұрау салу жіберуге; 

2) сұрау салумен өтініш жасаған адамнан сұрау салудың мазмұнын нақтылауға; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша ақпарат беруден бас тартуға құқығы бар. 

2. Ақпарат иеленуші: 

1) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды өз өкілеттіктері шегінде қамтамасыз етуге; 

3) анық және толық ақпарат беруге; 

4) берілетін ақпаратта лауазымды адам туралы мәліметтердің сәйкестендіру үшін жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз етуге; 

5) ақпарат берудің заңда белгіленген мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге; 

6) сұрау салулардың есебін, жинақтап қорытуды және талдауды жүргізуге; 

7) ақпарат беру кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға; 

8) ақпарат қамтылған интернет-ресурстардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 

9) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы лауазымды адамдар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге; 

10) ақпарат берудің сапасы мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізуге; 

11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасын сақтауға; 

12) қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмайтын ашық деректер интернет-порталында ашық деректер түріндегі ақпаратты тұрақты негізде орналастыруға; 

12-1) құзыреті шегінде ашық деректердің, ашық бюджеттердің және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталдарында орналастырылатын ақпаратты уақтылы жаңартып отыруға; 

13) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-1. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті және оны үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің болуы немесе ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті адамды тағайындауы міндетті. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген міндеттерге қосымша ретінде орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары халық алдында атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті. 

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться